Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау жалғасып жатыр 11 рет көрсетілді

«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау жалғасып жатыр 11 рет көрсетілді

Қазақстанда магистратура, докторантура және резидентура бағдарламалары бойынша жетекші шетелдік ЖОО-ларға түсу үшін құжат қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өтінімдер 14 қазанға дейін Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталында қабылданады. Тағылымдамадан өту үшін құжат қабылдау 5 қыркүйекте басталып, 14 қазанға дейін жалғасады.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеу толығымен автоматтандырылған және онлайн режимде өтеді. Ол 3 кезеңнен тұрады: кешенді тестілеу, тәуелсіз сарапшы комиссия мүшелерімен жеке әңгімелесу және кадрларды шетелде даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында құжаттарды қарау.

Үміткерлер конкурстық іріктеуге қатысу үшін 2 негізгі құжатты ғана ұсынуы керек - «Болашақ» бойынша оқуға ұсынылатын жоғары оқу орындар тізіміндегі шетелдік университеттен шақыру, сондай-ақ нәтижесі B1 деңгейінен кем емес мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы сертификат.

Конкурстық іріктеуге кез келген қазақстандық қатыса алады, жас шектеуі жоқ. Өтінім тапсырған кезде академиялық білім алу және кейінгі еңбекпен өтеу мерзімі зейнеткерлік жастан аспауы тиіс.

Биыл магистратура мен резидентурада оқу үшін 385 стипендия, докторантура бағдарламасы бойынша 60 стипендия бөлінді.
27 шілде 2022 ж. 493 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 16

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 20

Маңызды ақпарат

11 желтоқсан 2025 ж. 10

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031