Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында қант қызылшасы өсіріледі

Қызылорда облысында қант қызылшасы өсіріледі

Жалағаш ауданының «Ер-Әли» шаруа қожалығында бір гектар жерге тамшылатып суару әдісімен қант қызылшасы өсірілдіБұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
– Біз тәжірибе жасап жатырмыз,- дейді шаруа қожалығының төрағасы Ер-Әли Бекжанов. – Француз селекциясы сортын таңдап алдық. Енді оның қалай өсетінін байқаймыз. Ол үшін тыңайтқыш қолданылмады, тек зиянкестерден емделді. Қазан айында егін жинауды жоспарлап отырмыз, өйткені бұл тамыр дақылдары шамамен 220 күн өседі.

Төрағаның айтуынша, фермада түрлі дақылдармен тәжірибелер жүргізілуде. Мұнда алғашқылардың бірі болып жергілікті селекциядағы күріш өсіріп, бірнеше гектар жерде алма бағын өсіру үшін тамшылатып суару әдісі қолданылған. Су үнемдеу технологиясының арқасында үш жыл қатарынан алманың үлкен өнімін жинады. Мұнан бөлек, бес гектарға сәбіз, 24 гектарға картоп егілді.

Жаңақорған ауданындағы «Сенім» шаруа қожалығы да екі гектар аумаққа қант қызылшасын орналастырды.

– Бұл шаруашылықта тамшылатып суару қолданылмады, ауыл шаруашылығы дақылдары кәдімгі әдіспен отырғызылды, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Дәурен Әбибуллаев. – Бірақ қант қызылшасы суды аз тұтынады, бұл факт. Қазақ егіншілік және Өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары өсірген бірінші репродукциялы «Ақсу» қазақстандық селекциясының буданы пайдаланылды. Күзде егінді жинау керек.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мамандарының айтуынша, осы маусымда көкөніс дақылын өсіру қажеттілігі туындады. Біздің республикада шикі қант Таразға немесе Алматыға Латын Америкасы елдерінен өңдеуге түседі. Қант өндіру үшін қант қызылшасы Жамбыл облысында өсіріледі, бірақ бұл көлем ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз.

– Қант қызылшасын өсіру – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі негізгі стратегиялық бағыттардың бірі. Қазір елде қант тапшылығы пайда болып, оны лимит бойынша және жоғары бағамен сатылып жатқаны ешкімге құпия емес. Сонымен қатар Қазақстанда қызылша шаруашылығын жаңғырту үшін үлкен мүмкіндіктер бар, оларды пайдалану қажет, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев.

Республиканың табиғи-климаттық жағдайы осы ауыл шаруашылығы дақылдарын Алматы және Жамбыл облыстарында өсіруге мүмкіндік береді. Бірақ біздің фермерлер оған қызығушылық танытып, тамшылатып суару әдісін пайдалануда. Сондықтан бұ тәжірибе аймақтың қызылша саласын дамытудың бастауы болуы мүмкін.
22 шілде 2022 ж. 402 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031