Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күрмеулі түйткілдер шешімін таппақ

Күрмеулі түйткілдер шешімін таппақ

Қазіргі таңда жазғы демалысқа шыққан ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары елдімекендерді аралауда. Олардың мақсаты жәй аралап ғана қоймай тұрғындармен кездесіп, жергілікті жердің тыныс-тіршілігімен танысып, елдің ұсыныс-пікіріне құлақ асу.
Осы орайда ауданға жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Балайым ­Кесебаева, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, облыстық мәслихат депутаттары Мнажадин Өтеев, Ібайдулла Тілептер Жанқожа батыр ауылының тұрғындарымен кездесіп, халықтың айтар базынасы мен ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
– Елді мекендегі №94 білім ордасы апаттық жағдайда. Бұл мұндағы оқушы мен оқытушының басына төнген қауіп болды. Ауыл тұрғындары үшін жаңа мектеп қажет. Айтар базынамыз бен ұсынысымыз осы.
Тағы бір айтатыны, елдімекенді газдандыру мәселесі де назардан тыс қалмаса екен, – деді басқосуда ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Құлпыбай Құрманалы.
Содан соң ауыл тұрғыны Қарасай Жетпісбай қазіргі таңдағы азық-түлік қана емес барша тауардың бағасының аспандап кетуін сөз етті.
Өз кезегінде Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Балайым Туғанбайқызы халықтың талап-тілегін тыңдап, мәселенің оң шешілуіне жұмыс жасалатындығын жеткізді.
Сапар барысында жиналған бір топ атқамінерлер №94 мектепті аралап, қазіргі жағдайымен танысты.
Одан кейін Б.Туғанбайқызы Әйтеке би кентінде орналасқан «Рауан» инклюзивті білім беру орталығында ерекше күтімді қажет ететін балалармен кездесті.
Қ.Дәулетиярқызы басқаратын орталық өз жұмысын 2018 жылы бастады. Қазіргі таңда балабақшада даму мүмкіндігі кешеуілдеген, тіл мүкістігі бар балалар тәрбиеленуде. Жалпы 42 адам жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар үйірмлер де өз жұмысын атқарып келеді. Сондай-ақ орталық меңгерушісі халық қалаулысына «Ерте жастан дамыту» бағдарламасы аясында 2 жастан бастап бала қабылданса деген ұсынысын жеткізді.
Келесі аялдама Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі болды. Ол жақтың материалдық-техникалық базасымен танысып, білім ордасының басшысы Б.Ахметовпен де пікір алмасты.
– Қазіргі таңда колледж «Жас маман» бағдарламасы арқылы жаңа заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Колледждегі жатақхана мен бірқатар оқу корпустары жөндеу жұмыстары қажет етеді. Бүгінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттары дайындалған, – деді колледж басшысы.
Онан соң депутаттар өз сапарын Қазалы ауданының әкімдігінде жалғастырды. Онда қазалылықтар бейнебайланыс арқылы ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Кариновамен тілдесті. Тұрғындар өздерін толғандырған ұсыныс-пікірлерін айтты.
Қазалы ауданы әкімдігінде өткен басқосуды облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов ашты. Тікелей бейнебайланыс арқылы өтетін шараның негізгі мақсатын түсіндірді.
Басқосуда алдымен Мәжіліс депутаты Балайым Туғанбайқызы сөз сөйлеп, халықпен кездесулерде білім саласына қатысты ұсыныстар жиі айтылатынын тілге тиек етті. Осыған орай тұрғындардың тікелей тиісті министрлік өкілдеріне сұрақ қоюға мүмкіндік жасалып отырғанын жеткізді.
Жиында облыстық мәслихат депутаты Ібайдулла Тілеп білім саласына қатысты сұрақтарын қойды. Олардың негізгісі білім саласының жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшуі жайы. Осыған байланысты ауылдық жерлердегі балабақшалардың жағдайы мәз емес екендігін айтты.
Өз кезегінде ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова айтылып жатқан мәселелерден хабары бар екенін, қазіргі таңда ол мәселелерді шешу үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.
Жиыннан соң Балайым Туғанбайқызы жеке қабылдау өткізіп, халықтың өтініш-тілектерін тыңдады.
Қазалылықтар халық қалаулысының назарына Сырдария өзеніне салынып жатқан «Қарлаң» көпірінің құрылысы бәсеңдегенін жеткізді.
Одан бөлек Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы аралығындағы жолды кеңейту жұмыстары да нашарлап кеткенін сөз етті.
Б.Кесебаева халық тарапынан айтылған мәселелерді тиісті орындарға жеткізетінін айтты. Сонымен қатар, жеке қабылдаудан соң арнайы барып, жол жөндеу жұмыстарын көрді.
Содан соң кезекті аялдама Жанқожа батыр атындағы №70 мектеп болды. Онда бірқатар Б.Тұрғанбайқызы мен бірқатар шенді азаматтар тұрғындармен кездесті.
Басқосуда тұрғындар ғасырлық тарихы бар білім ордасына қосымша ғимарат, яғни жаңа мектеп салуды қажет ететіндігін жеткізді.
Осылайша парламент мәжілісінің қос депутаты мен ауданның белді ағалары «күрмеулі мәселелер шешілер уақытынан озбайды» деп үміт берген сөзінің нық екеніне сенеміз.

Серік АҚМЫРЗА
09 шілде 2022 ж. 695 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031