Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаламгерлер құрметке бөленді

Қаламгерлер құрметке бөленді

Биыл ауданда бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ауқымды шара өтті.
Кеш қонағы болып ауданның журналистер қауымы мен сала ардагерлері, аймақтық «Тұран-Қазалы», аудандық «Қазалы» газеті редакциясының ұжымы мен «Серік тв» телеарнасы және «Тәуекел туы» газетінің өкілдері қатысты.
БАҚ өкілдері мерекесіне орай ұйымдастырылған шара еркін форматта, яғни, дөңгелек үстел үстінде өтті. Мерекелік кездесуде аудан басшысы Мұхтар Әуесұлы құттықтау сөз сөйлеп, қаламгерлер қауымының бүгінгі қоғамдағы атқарып жүрген елеулі еңбектерін атап өтті.
Сонымен қатар қоғамдық пікірді қалыптастырушы рөлін атқарып келе жатқан баспасөз қызметкерлеріне артылған жүктің ауыр екендігін айтып, жаһандық жаңғыру кезеңінде адамзат баласын ортақ мүддеге жұмылдырып жүрген журналистер қауымына ризашылығын білдірді.

Шарада қазақ радиосында қызмет еткен еңбек ардагері, радиожурналист Ордабай Аяпбергенов, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ардагер журналист Қасқырбек Мәмбетжанов, ардагер журналист Алмагүл Қаржаубаева және басқа да сала ардагерлері мен жас журналистер қауымы мерекеге арналған жылы лебіздерін білдірді.
Сондай-ақ шара барысында еңбек ардагерлері Құдайберген Есекей, Кемал Көпжасарға, Раушанбек Сейтенов пен Сахи Қапар және «Қазалы» газетінің тілшілері Абзал Жолтерек пен Серік Ақмырзаға Қазақстан Журналистер Одағының мүшелік куәлігі тапсырылып, бірқатар сала қызметкерлеріне аудан және облыс әкімінің Алғыс хаты мен «Құттықтауы» табысталды.
Басқосуда аудандық Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығы өнерпаздары мереке иелеріне арналып әсем әннен шашу шашып, журналистер қауымы бір-біріне деген мерекелік құттықтауларын жеткізді.
С.ӘЛИҰЛЫ
02 шілде 2022 ж. 302 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031