Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті

Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысын жаңа форматта өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, отырыстың күн тәртібіне экономика және көлік саясаты мәселелері шығарылған. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров экономикалық саясат жобасын таныстырды. Жаңа саясаттың негізгі міндеті – барлық экономикалық агенттердің әлеуетін барынша ашуға, әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етуге және кәсіпкерлік арқылы нарыққа сай кірістерді бөлуге, адал бәсекелестікті көтермелеуге және қорғауға бағытталған дамудың ашық және еркін моделін құру. «Бұл құжаттың негізгі мақсаты – азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыра отырып, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету», — деді Әлихан Смайылов. Сонымен қатар Премьер-Министр бизнес-қоғамдастық өкілдерін құжатты толықтыру бойынша өз ұсыныстарын енгізуге шақырды. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев баяндама жасады. Ол бүгінгі таңда теміржол жүк тасымалы, автомобиль және теңіз көлігі, сондай-ақ әуе тасымалы бойынша мемлекеттің жүйелі даму шараларын қабылдап жатқанын хабарлады. Отырыс барысында «AUDACIA Express» ЖШС директоры Бақытбек Қадыров және «DALA» компаниялар тобының негізін қалаушы Болатбек Нәжіметденұлы сөз сөйлеп, жүк тасымалдау саласындағы проблемалық мәселелерді көтерді. Үкімет басшысы отырысты қорытындылай келе, Ұлттық экономика министрлігіне экономикалық саясат бойынша әзірленіп жатқан тәсілдерде бизнестің барлық ұсыныстарын ескеруді және бірлесіп талқылауды тапсырды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне негізсіз талаптарды азайту және осы саланың бәсекеге қабілетін арттыру мақсатында көлік саласындағы барлық талапты қайта қарау, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, Қазақстанның көлік даму стратегиясының жобасын сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету тапсырылды.
01 шілде 2022 ж. 344 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 48

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930