Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкімет жаңа инвестициялық саясат тұжырымдамасын бекітті

Үкімет жаңа инвестициялық саясат тұжырымдамасын бекітті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасы әзірленді. Бұл құжат ел экономикасына тартылатын инвестициялардың өсуіне айтарлықтай ықпал ететін болады. Жалпы біз инвестициялар өсімінің пандемияға дейінгі деңгейіне жеттік. Биылғы жылдың 5 айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2,5% өсіп, 4,1 триллион теңгені құрады, — деді премьер-министр Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының дерегінше, өңірлер арасында биылғы жылы Ақмола облысы, Шымкент және Алматы қалалары негізгі капиталға салынған инвестициялар өсімінің жоғары қарқынын көрсетіп отыр. Ал, Түркістан және Қарағанды облыстарында бұл көрсеткіш айтарлықтай төмендеп кеткен.

2021-ші жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 38% өсіп, шамамен 24 миллиард долларды құрады. Салалар бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың ең көп өсімі өнеркәсіпте, саудада, қаржы және сақтандыру қызметінде, көлік пен құрылыста тіркеліп отыр, – деді Әлихан Смайылов.

Әлихан Смайылов Қазақстан тікелей шетелдік инвестициялар үшін тартымды ел екендігін және бұл жағынан Орталық Азия өңірінде көш бастап тұрғанын баста айтты.

Қазіргі жағдайда біз осы позицияны нықтай түсіп, шетелдік инвестициялар үшін белсенді қимылдауымыз керек және инвесторларға барынша оңтайлы жағдай жасауымыз қажет. Сонымен қатар экономиканың шикізаттық емес секторларында инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздерін кеңейту керек. Бүгін ұсынылып отырған инвестициялық саясат тұжырымдамасы экономиканы дамытудың және халықтың әл-ауқатын арттырудың драйверіне айналатын жаңа инвестициялық циклдің бастауы болуға тиіс. Тұжырымдамада 2026-шы жылы негізгі капиталға инвестициялар деңгейін жалпы ішкі өнімнің 25,1% дейін жеткізуді және тікелей шетелдік инвестициялар көлемін 25,5 миллиард долларға дейін ұлғайтуды көздейтін ауқымды мақсатты индикаторлар белгіленген. Мемлекеттік инвестициялық саясат сапалы шетелдік және ішкі инвестицияларды тартуға, экономикалық белсенділікті арттыруға және халықтың табысын ұлғайтуға, оның ішінде жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға бағытталатын болады, — деді премьер-министр.

Әлихан Смайылов тұжырымдаманы бекіту үшін дауыс беруді ұсынды. Үкімет мүшелері тұжырымдама жобасын қолдап дауыс берді.
23 маусым 2022 ж. 378 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 88

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930