Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагерлермен кездесті

Ардагерлермен кездесті

Қаламына қуат, жанарына шуақ дарыған қаламгер деген қауымның 28 маусым төл мерекесі. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына тікелей араласатын олардың ел идеологиясын жүргізудегі орны ерекше. Мұның қатарында тамыры терең, тарихы кенен қазалылық тілшілердің де шоқтығы биік, абыройы асқақ десек қателесе қоймаймыз. Өзінің түп тарихын 1934 жылдан алатын ауданның журналистика саласы – өңірдің таңбалы тарихының жылнамашылары екені сөзсіз.
Осы орайда сәрсенбінің сәтінде «Сыр медиа» ЖШС-нің бас директоры Аманжол Оңғарбаев бастаған қаламгерлер Қазалы ауданында болып, журналистика саласының ардагерлерімен кездесіп, мерекесімен құттықтады.
Аудандық орталықтандырылған кітапханада өткен кездесуге ардагер журналистер Раушанбек Сейтенов, Алмагүл Қаржаубаева, Қасқырбек Мәмбетжанов, Ордабай Аяпбергенов, Сахи Қапар бастаған азаматтар қатысты.
Жиын барысында алдымен сөз алған «Сыр медиа» ЖШС-нің бас директоры А.Сақыпұлы:
– Қадірменді әріптестер! Сіздерді 28 маусым – Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сыр өңірі, оның ішінде Қазалы ауданының журналистикасына сіздердің қосқан еңбектеріңіз ұшан-теңіз. «Алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын інілер» демекші, сіздер кейінгі жас қаламгерлерге үнемі қамқорлық жасап, бағыт-бағдар беріп келесіздер. Әрқайсысыңыз қоғамдағы түйіткілді мәселелерді жан-жақты қаузап, саралап, оқырманға дәйекті жетуі үшін аянбай тер төктіңіздер. «Газет – жұмысы бір күндік, сөзі мың күндік» демекші, сіздер жазып қалдырған түрлі мақалалар көненің көзіндей, өткеннің сөзіндей болып әлі тұр. Бүгінгі орайлы сәтті пайдалана отырып, сіздердің отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, шығармашылық шалқар шабыт тілеймін, – деп жылы лебізін жеткізді.
Жалпы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» атты мақаласында: «Әрбір халық өзінің арғы-бергі тарихын өзі жазуы тиіс. Бөтен идеологияның жетегімен жүруге болмайды. Ұлттық мүдде тұрғысынан жазылған шежіре ұрпақтың санасын оятып, ұлттың жадын жаңғыртуға мүмкіндік береді» деген болатын.
Осы ретте Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен «Сыр журналистикасының тарихы» атты бес томдық шығару қолға алынған болатын.
Кездесу барысында «Сыр медиа» ЖШС бас директорының орынбасары Айжан Абдуллаева, облыстық «Сыр бойы» газетінің бас редакторы Қуат Шарабидинов, Қызылорда қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы Әзиз Батырбеков 5 томдыққа қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.
Мұнан соң Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Тлеуімбетов жиналғандарды мерекемен құттықтай отыра, Сыр бойының шежірелі саласының тасқа қашауға атсалысып жүрген азаматтарды құттықтай отыра, аталмыш 5 томдықтың мән-маңызының тереңдігіне тоқталды.
Шара соңында «Сыр медиа» ЖШС бас директоры А.Сақыпұлы бірқатар сала ардагерлеріне арнайы құттықтауы мен өткен жылдың соңында жарық көрген «Сыр журналистикасының тарихы» атты 5 томдық кітапты ұсынды.
Ардагер журналистер атынан Қасқырбек Мамбетжанов, Алмагүл Қаржаубаева, Раушанбек Сейтенов сөз сөйлеп, кітап таныстырылымын жасаған азаматтарға сәттілік тіледі.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат

25 маусым 2022 ж. 628 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031