Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарымды қаламгер қуанышы

Қарымды қаламгер қуанышы

Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, қаламгер Қуаныш Жиенбайдың 70 жылдық мерейтойына арналған жиын өтті.
Басқосуға ҚР Президентінің кеңесшісі Бауыржан Омаров қатысып, жазушыға ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Карин мен Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ Қуаныш Жиенбайға Сыр елінің мәдени-рухани дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды.
Іс-шараға жазушының жерлесі, «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев арнайы барып қатысты.
Айта кетейік, Қуаныш Жиенбай 1952 жылдың 3 мамырында Қызылорда облысы Арал ауданы, Бөген ауылында дүниеге келген. 1976 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Жазушы республикалық мерзімді басылымдарда қызмет атқарған. Оның «Жалғыз желкен», «Теңіздегі бір тамшы», «Құлан жанарындағы ғұмыр», «Даңқ түрмесінің тұтқыны», «Жер үстінде де жұмақ бар» және т.б. шығармалары бар. Жазушының драмалық туындылары еліміздің әртүрлі театрларында сахналанып жүр. Оның шығармалары бірнеше тілге аударылған.
Қуаныш Жиенбай «Жалын» баспасы жариялаған жабық бәйгенің бірнеше мәрте жүлдегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, халықаралық ПЕН-клуб сыйлығының лауреаты. ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
14 мамыр 2022 ж. 658 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 72

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 76

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 59

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930