Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ІІМ үш жаңа облысқа қандай көлік нөмірлері берілетінін айтты

ІІМ үш жаңа облысқа қандай көлік нөмірлері берілетінін айтты

ҚР Ішкі істер министрлігі Абай, Ұлытау және Жетісу облысы тұрғындарына қандай көлік кодтары берілетінін айтты. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

Ведомство Қазақстанда көлік құралын тіркеу өңірін сәйкестендіру үшін тиісті цифрлық белгі (қазір – 1-ден 17-ге дейін) қолданылатынын атап өтті. Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріндегі өңірлердің цифрлық белгісі өңірдің атауына қарай мемлекеттік тілде әліпбилік тәртіппен беріледі.
Осыған байланысты, жаңадан пайда болған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарына мемлекеттік нөмірлер өңірлерінің кодтарын цифрлық белгілеуді мынадай тәртіппен беру ұсынылады: Абай облысы – 18, Жетісу облысы – 19, Ұлытау облысы – 20, – деп жауап берді ІІМ.

Сонымен қатар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінде өңірлердің жаңа цифрлық белгілерін енгізу кезінде жаңа облыстардың тұрғындарына көлік құралдарындағы бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстыру талап етілмейді.

Еске салсақ, 2022 жылғы 4 мамырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үш жаңа облыс – Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру туралы жарлыққа қол қойды.
22 маусым 2022 ж. 434 0

Берекелі жәрмеңке

09 желтоқсан 2025 ж. 130

Құрылыста қам қалай?

09 желтоқсан 2025 ж. 86

Су деңгейі бақылауда

09 желтоқсан 2025 ж. 45

Қос кездесу

09 желтоқсан 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031