Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда үш жаңа облыс ресми түрде құрылды

Қазақстанда үш жаңа облыс ресми түрде құрылды

Бүгін еліміздегі үш жаңа облыстың іргетасы қаланып, ресми түрде жұмысын бастады. Енді көп ұзамай жаңа облыстардың әкімдері тағайындалады, деп хабарлайды Экспресс К.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 мамыр күні Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының кейбір мәселелері туралы жарлыққа қол қойған болатын. Соған сәйкес, құжат 8 маусымда күшіне енді.

Жаңа облыстардың құрамы мынандай:
Абай облысы: Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті аудандары, Семей және Курчатов қалалары. Облыс орталығы — Семей қаласы.

Жетісу облысы: Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандары, Талдықорған және Текелі қалалары. Облыс орталығы — Талдықорған қаласы.
Ұлытау облысы: Жаңаарқа, Ұлытау аудандары, Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалалары. Облыс орталығы — Жезқазған қаласы.
Сондай-ақ Алматы облысының әкімшілік орталығы Қонаев қаласына көшірілді.
09 маусым 2022 ж. 346 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 73

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930