Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа облыстарда жаңалық көп

Жаңа облыстарда жаңалық көп

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңадан құрылған үш облыста автокөліктердің цифрлық коды әліпби тәртібінде бөлінетінін жеткізді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер министрден жаңа облыстар қандай цифрлық код алатынын сұрады.
«Әліпби тәртібінде 18, 19, 20 нөмірлері болатын шығар. Ақылға қонымдысы осы», – деп жауап берді Қуантыров. Ол цифрлық кодты бөлу ішкі істер министрлігінің құзырына кіретінін, сол себепті соңғы шешімді солар қабылдайтынын атап өтті. Болжам бойынша Абай облысы – 18, Жетісу облысы – 19, ал Ұлытау облысы 20 нөмірмен белгіленеді.
Айта кетсек, Қазақстан өңірлерінде цифрлық кодтар былайша бөлінген:
Нұр-Сұлтан – 01, Алматы – 02, Ақмола облысы – 03, Ақтөбе облысы– 04, Алматы облысы – 05, Атырау облысы – 06, Батыс Қазақстан облысы– 07, Жамбыл облысы – 08, Қарағанды облысы – 09, Қостанай облысы– 10, Қызылорда облысы – 11, Маңғыстау облысы – 12, Түркістан облысы – 13, Павлодар облысы – 14, Солтүстік Қазақстан облысы – 15, Шығыс Қазақстан облысы – 16, Шымкент – 17.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
14 маусым 2022 ж. 617 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 151

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 168

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031