Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалық – баршамызға міндет

Тазалық – баршамызға міндет

Әрбір адамның туған жерге деген сүйіспеншілігі тазалықтан басталуы қажет. Осыны ескерген аудан халқы бұл мәселені үнемі назардан тыс қалдырмайды.
Аудан тұрғындары орталық көшелер мен шет аймақтар, саябақтар, скверлер және спорт алаңдарының айналасын қоқыстардан тазалады.
Жасыл желегі жайқалған «Жеңіс» саябағында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығының ұжымы тазалық жұмыстарын жүргізді.
Бұл жұмыстардан аудан жастары да шет қалмады. Қолдарына қажетті құралдарын ұстаған олар көшелерді күл-қоқыстан, бей-берекетсіз шашылған пакеттерден тазартты. Бұл өз кезегінде өмір сүріп отырған қоршаған ортаның тазаруына септігін тигізді.
Ұйымшылдық ерен үлгісін көрсеткен қазалылықтар «Ауданның көркеюі үшін әркім еңбек пен табиғатқа жақын болып, айналаны ластамауға дағдылануы тиіс» деп есептейді және әрдайым осылай болғанын қалайды.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
19 маусым 2022 ж. 555 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031