Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алғыс алған абзал жандар

Алғыс алған абзал жандар

Ауданда медицина саласы бойынша тұрғындардың алғысына бөленіп жүрген дәрігерлер баршылық. Бұл мамандық иелерінің науқас алдында жауапкершілігі зор. Олар тез жәрдем көрсетудің арқасында әл үстіндегі адамның өмірін сақтап қалады. Осындай күрделі жұмысты атқарып жүрген Қазалы теміржол ауруханасының балалар бөлімінде медицина қызметкерлері кішкентай науқастарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді. Профилактикалық шаралар кешенін өткізеді және ұйымдастырады. Дені сау балаларды динамикалық медициналық тексеруден өткізіп бақылайды.
Үлкендер бөлімінен толық оқшауланған. Оған «фильтр-бокс» арқылы кіреді. Бұл жерде медбике баланың ата-анасымен сұхбат жүргізеді, баланың температурасын өлшейді. Терісін және шырышты қабықшасын тексереді. Жұқпалы ауруларға күдікті балаларды көшеге шығатын бөлек есігі бар, ауруды қарайтын боксқа жібереді. Күту орындары орталықтандырылмаған жүйедегідей ұйымдастырылады.
Қазалы теміржол ауруханасына қарасты учаске бойынша 21500 халық санынан 15 жасқа дейінгі баланың 6100-і тіркеуде бар. Мұнда қаншама жанына дауа іздеген сырқаттар келіп, денсаулығын қалыпқа келтіреді. Өз кезегінде ризашылықтарын жеткізіп, алғаусыз алғысын да білдіреді.
Мемлекеттің басты байлығы адам десек, әрбіріміздің аман-саулығымызды бақылайтын ол әрине, ақ халатты абзал жандар. Адам басы ауырып, балтыры сыздап, дертіне дауа іздегенде медицина қызметкерлеріне жүгінері анық. Қызығы мен қиындығы қатар өрілген маңызды мамандық иелері қай кезде де мадаққа лайық. Өзгенің өмірі үшін күресіп, адам денсаулығына қауіп төніп тұрғанда дер кезінде сейілте білген дәрігерлер қауымының ерен еңбегін, маңдай терін ескерусіз қалдыруға болмайды. Ем жүргізу барысында адамды дәрі емес мейірімділік пен сыпайы қарым-қатынас емдейтіні шүбәсіз. Бөлімге кіргеннен балалар дәрігері, бөлім меңгерушісі Жаңагүл Елубаева бастаған ұжым мүшелерінің жылы байланыс орнатуы, олардың антқа берік, өз жұмысына адал екендігі байқалады.
– Балалар бөлімінде теміржол ауруханасының бас дәрігері Құбыл Ршымбетовтың бастамасымен диспансерлік есепте тұратын туа біткен ақауы бар балаларды қайта қалпына келтіру мақсатында екі орын бөлінген. Жалпы бұдан бөлек аталған бөлімде 12 кереует бар. Баланы қайта қалпына келтіру бөлімі қазалылықтар алысқа арбаланбасын деген оймен ашылған. Ақсай, Талсуат, Жаңақорған санаторийлеріне бейімделіп жасалған. Біз баласымен келген ата-анамен де жұмыс істейміз. Балалар жылына 2 рет емін алады. Мұнда дауна, дюшенрба, тіл мүкістігі бар және сал ауруына шалдыққандар жатады. Ауру тарихы талапқа сай жазылып, хаттамаға сәйкес ем беріледі. Кемінде 15 күн науқас жан-жақты қаралады. Бізбен бірге психолог, логопед қызмет көрсетеді. Монтисори психокоррекциондық жұмыс жасалады. ЛФК, массаж, электрофарез, емдік ванна, парафиндік пен дәрумендік және физиотерапия қызметтері бар. Невропатолог, окулист, хирург мамандарынан қажет жағдайда телемедицина арқылы облысқа шығып кеңес аламыз, – дейді балалар бөлімінің меңгерушісі Жаңагүл Елубаева.
Бөлім меңгерушісімен қатар бұл жерде күні бойы науқастың жанынан табыла білетін, қажетті егу егіп, дәрісін ұсынатын мейірбике Гүлжаһан Таңатова тәжірибелі маман саналады. Ол емшара уақытында әр баланың мінез-құлқына байланысты түрлі әдіс-тәсілдермен ортақ тіл табысып, жүрегіне жол таба біледі. Жасалған ем-домының арқасында балақайлардың жағдайы бірқалыпқа түседі.
Гүлжаһан Таңатова балалар бөлімінде тапжылмай 38 жылын арнаған. Ол бала кезде ақ халатты киіп, науқастарға ем-дом жүргізуді армандады. Бүгінде бірінші санатты мамандар қатарында.
– Көбінесе аналармен жұмыс жасаймын. Қуанышты аналар алғыстарын білдіреді. Тамырға жақсы түсесіз, қолыңыз жеңіл деп күтіп отырады. Ауыр жағдайда келген баланы реанимацияға жібереміз. Қолымда шетінеген бала болмады.
Қазір ауруын асқындырмай уақытылы әкелгеннің арқасында толық ем жасап айықтырып жібереміз. Бізде ойын бөлмесі арнайы бөлінген сол жерде емделушілер ойнап, уақытылы демалады. Бұл жақта бала жазылып шығуы үшін үй жағдайы жасалған. 1 маусымда ойын ұйымдастырып, торт әкеліп қуанттық, – дейді Гүлжаһан.
Осылайша мақтаулы жан балалардың денсаулығын дұрыстауға өз үлесін қосуда. Медицина саласында өз орындарын ойып алған, емге зәру жандарға әрқашанда жылы сөздерімен көмек беретін ақхалаттыларды қалай мақтасақ та жарасады. Жас пен кәріге, жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, жанын қоярға жер таптырмай азаптаған ауруынан айықтыратын дәрігерлердің еңбегі жана берсін дейміз.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
18 маусым 2022 ж. 708 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 32

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 28

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930