Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дертке дауа тапқандар

Дертке дауа тапқандар

Осыдан жиырма тоғыз жыл бұрын Қазалы қаласы халқының игілігіне берілген емхананы алғашқы жылдары Махат Жансейітов басқарды. Содан бері екі қабатты еңселі ғимаратта жұмыс істейтін ақ халатты абзал жандар талайдың дертіне дауа тауып, денсаулығын түзетуге септігін тигізіп келеді. Бұнда барлығы 65 қызметкер бар.
2009 жылы емхана басшылығын медицина саласының үздігі Гүлайым Айсауыт қолға алып, 2021 жылдың шілдесіне дейін абыройлы еңбек етіп, құрметті зейнет демалысына шықты. Қазіргі таңда дәрігер Аралкүл Ашықбай басқарып отырған денсаулық сақтау орнында тәжірибелі, өз ісінің білікті мамандары топтасқан. «Шипагер» емханасында тіркеуде тұрған жеті мыңға жуық тұрғынға 8 дәрігер, психолог маман, 45 орта буын, 12 кіші қызметкер қызмет көрсетеді. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген ұстанымдағы ұжым мүшелері халықтың денсаулық жағдайын үнемі бақылауда ұстап отыруға дағдыланған. Ішкі істерді тиянақтап, күнделікті жұмыс барысының жүйелі өтуін жолға қоя білген аға мейіркеш Нұрила Жаңылованың еңбегі ерекше. Осы салада 36 жыл еңбек өтілі бар маман өз ісінің майталманы.
Емханада 15 орындық күндізгі стационар жұмыс жасайды. 4 жалпы дәрігерлік аймаққа бөлінген. Бір аймаққа бір дәрігер және төрт мейіркештен. Олардың екеуі ересектердің, біреуі туу жасындағы әйелдердің, біреуі балалардың денсаулығына жауапты. Стоматология кабинетінде екі дәрігер қызмет көрсетеді. Стоматолог-терапевт Гүлзана Бекжанова тісті емдесе, тіс дәрігері Аралбай Мәмбетжанов емдеуге келмейтін тісті жұлады. Жүкті әйелдердің жай-күйін бақылауда гинекология кабинеті жұмыс істейді. Әр аптаның бейсенбі күні түстен кейінгі уақытта орталық ауруханадан маман Сәкен Өтегенов келіп, УЗИ аппаратына түсіреді. Ол бар-жоғы екі сағаттың ішінде 15-20 науқасқа дейін қабылдай алады. Сонымен қатар бұнда балаларды дамыту кабинеті де бар. Онда 37 жыл өтілі бар мейіркеш Гүлмира Шамшаева балалар мен жүкті әйелдерге өзінің жұмыс жоспарына сәйкес арнайы сабақтар өтеді. Сабақ кезінде жас аналарға ақыл-кеңестер беріліп, нәрестені қалай қосымша тамаққа үйрету жолдары мен физикалық дамуына қатысты бағыт-бағдар көрсетеді. Жүкті әйелдердің тамақтануы мен босануға дайындығы, сәбиді дұрыс емізу жолдары үйретіледі. Жылумен емдеу кабинеті де халыққа қызмет көретеді. УВЧ, Гальванизатор, Лоток, парафин салынады. Балаларға небулайзер аппаратымен ингалияция жасалады. Ол тыныс жолының ауруларында таптырмас құрал.
Жүрек қызметін бақылайтын ЭКГ аппараты орналасқан кабинетте Орынкүл Өтеналиева келушілерге қызмет көрсетеді. Бұл аппараттың көмегін емханаға келе алмайтын науқастар үйден де ала алады. Зертханада Гүлсара Орысбекова, Гүлмаржан Кәдірбай еңбек етеді. Егу және ем-шара кабинеті де пациенттер қабылдап, уақытылы ем-дом алуларына күш салады. Сонымен қатар туберкулезге шалдыққан науқастарға профилактикалық ем қабылдайтын арнайы бөлме бар. Аймақтық мейіркештер «Д» есептегі жандарға ай сайын тегін дәрі-дәрмек беріп отырады. Әр бала дүниеге келген сәтте нәресте қобдишасы беріледі. Сәбилерге анасының жағдайына орай, көрсеткішке сай сүт өнімдері үлестіріледі.

– Жалпы емханаға қала халқының 6946-сы тіркелген. Оның 2293-і бала, жүкті әйелдер саны – 79. Оның ішінде 19-ы жоғарғы қауіпті топқа жатады. Яғни, денсаулықтары  халықтың денсаулық жағдайын үнемі бақылауда ұстап отыруға дағдыланған. Ішкі істерді тиянақтап, күнделікті жұмыс барысының жүйелі өтуін жолға қоя білген аға мейіркеш Нұрила Жаңылованың еңбегі ерекше. Осы салада 36 жыл еңбек өтілі бар маман өз ісінің майталманы.
Емханада 15 орындық күндізгі стационар жұмыс жасайды. 4 жалпы дәрігерлік аймаққа бөлінген. Бір аймаққа бір дәрігер және төрт мейіркештен. Олардың екеуі ересектердің, біреуі туу жасындағы әйелдердің, біреуі балалардың денсаулығына жауапты. Стоматология кабинетінде екі дәрігер қызмет көрсетеді. Стоматолог-терапевт Гүлзана Бекжанова тісті емдесе, тіс дәрігері Аралбай Мәмбетжанов емдеуге келмейтін тісті жұлады. Жүкті әйелдердің жай-күйін бақылауда гинекология кабинеті жұмыс істейді. Әр аптаның бейсенбі күні түстен кейінгі уақытта орталық ауруханадан маман Сәкен Өтегенов келіп, УЗИ аппаратына түсіреді. Ол бар-жоғы екі сағаттың ішінде 15-20 науқасқа дейін қабылдай алады. Сонымен қатар бұнда балаларды дамыту кабинеті де бар. Онда 37 жыл өтілі бар мейіркеш Гүлмира Шамшаева балалар мен жүкті әйелдерге өзінің жұмыс жоспарына сәйкес арнайы сабақтар өтеді. Сабақ кезінде жас аналарға ақыл-кеңестер беріліп, нәрестені қалай қосымша тамаққа үйрету жолдары мен физикалық дамуына қатысты бағыт-бағдар көрсетеді. Жүкті әйелдердің тамақтануы мен босануға дайындығы, сәбиді дұрыс емізу жолдары үйретіледі. Жылумен емдеу кабинеті де халыққа қызмет көретеді. УВЧ, Гальванизатор, Лоток, парафин салынады. Балаларға небулайзер аппаратымен ингалияция жасалады. Ол тыныс жолының ауруларында таптырмас құрал.
Жүрек қызметін бақылайтын ЭКГ аппараты орналасқан кабинетте Орынкүл Өтеналиева келушілерге қызмет көрсетеді. Бұл аппараттың көмегін емханаға келе алмайтын науқастар үйден де ала алады. Зертханада Гүлсара Орысбекова, Гүлмаржан Кәдірбай еңбек етеді. Егу және ем-шара кабинеті де пациенттер қабылдап, уақытылы ем-дом алуларына күш салады. Сонымен қатар туберкулезге шалдыққан науқастарға профилактикалық ем қабылдайтын арнайы бөлме бар. Аймақтық мейіркештер «Д» есептегі жандарға ай сайын тегін дәрі-дәрмек беріп отырады. Әр бала дүниеге келген сәтте нәресте қобдишасы беріледі. Сәбилерге анасының жағдайына орай, көрсеткішке сай сүт өнімдері үлестіріледі.
– Жалпы емханаға қала халқының 6946-сы тіркелген. Оның 2293-і бала, жүкті әйелдер саны – 79. Оның ішінде 19-ы жоғарғы қауіпті топқа жатады. Яғни, денсаулықтары үнемі бақылауда ұстап отыруды қажет етеді.
Биыл балалар жылына орай, бізде ашық есік күні өтті. Онда аудан орталығынан келген эндекринолог, невролог, хирург, ЛОР, окулист мамандар балаларды жан-жақты тексерістен өткізді. Бұл ата-аналар үшін таптырмас мүмкіндік болды. Бұндай шара алдағы уақытта өз жалағасын табады деген ойдамын, – дейді дәрігер Аралкүл Әскербекқызы.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
18 маусым 2022 ж. 433 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930