Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейсенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болады

Бейсенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болады

Кей өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді
Бейсенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болады
Фото:
istockphoto.com
Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. «Қазгидромет» РМК 16 қазанға осындай ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз, бірақ салқын ауа райы болады. Кей өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді.
Елдің солтүстігі мен орталығында, соның ішінде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар жәнеҚарағанды облыстарында жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы -3…-10°С дейін төмендеп, күндіз +3…+9°С шамасында жылы болады. Астанада түнде -5…-7°С, күндіз +7…+9°С күтіледі.
Шығыс өңірлерде – Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей аймақтарда тұман түседі. Түнде сынап бағаны -6…-11°С дейін төмендеп, күндіз +2…+6°С жылы болады.
Батыс пен оңтүстік-батыста, соның ішінде Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында күн жылырақ, түнде +2…+10°С, күндіз +13…+20°С аралығында. Кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, тұман түсуі мүмкін.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста – Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында күнашық, жылы ауа райы сақталады. Күндіз +17…+27°С жылы, кей жерлерде желдің жылдамдығы 20-23 м/с дейін жетуі ықтимал.



16 қазан 2025 ж. 457 0

Қазақтың жарық жұлдызы

06 маусым 2026 ж. 101

Ғасырдан жеткен ғибрат

06 маусым 2026 ж. 97

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930