Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысын сандырақ деп атады

Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысын сандырақ деп атады

Фото: istockphoto.com
Мәжіліс депутаттары автобус жолақысын 500 теңгеге дейін көтеру туралы ұсыныстың орынсыз екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутат Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта мемлекет көлік компанияларын жартылай субсидиялап отыр, сондықтан бағаны күрт өсіру халықтың жағдайына сәйкес келмейді.
"Қазақстан бюджеті жолаушылар тасымалы саласын субсидиялайды. Қызметтің 50 пайыздан астамы мемлекет есебінен өтеледі. Себебі халықтың төлем қабілетін жақсы түсінеміз. Азаматтарымыз қанша табыс табатынын және қанша төлей алатынын білеміз. Сол себепті 500 теңгеге көтеру туралы ұсыныс сандырақ", - деді депутат Мәжіліс кулуарында.
Депутат Ирина Смирнова да бұл пікірді қолдап, жолақының 500 теңге болуы қазіргі экономикалық жағдайға сәйкес келмейтінін айтты.
"Баға монополияға қарсы комитеттің қатысуымен реттеледі. 500 теңге деген — шындыққа жанаспайтын сома. Бұл тек бір азаматтың жеке пікірі ғана. Егер ол 500 теңгеге мінгісі келсе өз еркі, бірақ оны жалпы тарифке айналдыру қисынсыз", – деді ол.
Ал депутат Айдос Сарымның пікірінше, халықтың төлем қабілеті әр өңірде әртүрлі, сондықтан жолақыны жергілікті атқарушы органдар белгілеуі тиіс.
"Баға мен тарифтерді жергілікті билік бекітеді. Себебі ірі қалалар мен шағын елді мекендердің жағдайы бірдей емес. Бірінде кептеліс көп, бірінде аз. Сол себепті бірыңғай баға қою дұрыс емес", - деді Сарым.
Еске сала кетейік, бұған дейін энергетика министрінің бұрынғы кеңесшісі, сарапшы Олжас Байділдинов автобус жолақысын 500 теңгеге көтеру қажет деген пікір білдірген болатын.
Қазір Астанада қоғамдық көліктегі жолақы – 110 теңге, ал бұл ұсыныс халықтың сатып алу қабілеті төмендеп, баға көтеріліп жатқан тұста айтылды.
Мәжіліс депутаты Никита Шаталов сөзінше, ұсынылған жолақы қазақстандықтардың табыс деңгейіне сәйкес келмейді.
"Қоғамдық көлік әлемнің барлық елінде субсидияланады. Ол сол себепті "қоғамдық" деп аталады. Оны халықтың кең тобы пайдаланады. Ал аталған баға Қазақстанға мүлде сай келмейді. Себебі ол қазақстандықтардың нақты табыс деңгейіне сәйкес емес. Сондықтан бұл жерде қосымша пікір білдірудің өзі артық деп ойлаймын", – деді Никита Шаталов.
Оның айтуынша, қоғамдық көлікті субсидиялау жүйесі әлемдік тәжірибе.
"Қазір тарифтердің ішінде өзін-өзі ақтайтын бағыттар да бар. Сондай-ақ жолдың ұзақтығына, жердің қолжетімсіздігіне немесе жолаушылар ағынының аздығына байланысты бір реткі жолақы құны 1 500 теңгеге дейін жететін бағыттар да кездеседі. Мысалы, таулы аймақтарға қатынайтын маршруттарда. Мұндай жағдайда айқаспалы субсидиялау әдісі қолданылады. Бұл – қалыпты тәжірибе. Ал оның нақты қалай жүзеге асырылатыны жергілікті атқарушы билік пен мәслихаттардың құзыретінде. Олар тиісті бюджеттерді келісіп бекітеді", – деді депутат.
Айта кетейік, "қанды Қаңтар" алдында газ бағасын көтеруді қолдаған мұнай сарапшысы жолақыны қымбаттатуды ұсынып, тағы сынға қалған болатын. Үкімет те блогердің сөзіне пікір білдірді.
15 қазан 2025 ж. 43 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031