Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістанда жөтелге қарсы сироптан бүлдіршіндер көз жұмғаннан кейін ДДҰ ескерту жасады

Үндістанда жөтелге қарсы сироптан бүлдіршіндер көз жұмғаннан кейін ДДҰ ескерту жасады

Фото: pixabay.com
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Үндістанда өндірілген кейбір сұйық дәрілердің қауіпті екенін айтып, арнайы ескертужасады. Себеб жөтелге қарсы дәріні ішкен 5 жасқа дейінгі 17 бүлдіршін көз жұмған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үндістанның дәрі-дәрмек сапасын бақылау орталығы ДДҰ-ға үш дәріден – "Coldrif", "Respifresh TR" және "ReLife" адам денсаулығына зиянды диэтиленгликоль (техникалық спирт) табылғанын хабарлады. Бұл зат адам үшін өте қауіпті.
Бұл жағдай кем дегенде 17 баланың өліміне байланысты анықталған. Аталған дәрілерді Sresan Pharmaceutical, Rednex Pharmaceuticals және Shape Pharma деген компаниялар шығарған. Үндістан билігі бұл дәрілердің өндірісін дереу тоқтатып, рұқсаттарын да уақытша тоқтатты.
Үндістанның ресми органдары бұл дәрілер шетелге экспортталмағанын айтты. Бірақ ДДҰ барлық елдерге дәрі-дәрмек жеткізу тізбегін мұқият тексеруді және бақылауды күшейтуді ұсынды. Егер бұл дәрілер өзге елдерде анықталса, ол туралы дереу ДДҰ-ға хабарлау қажет.

Қазан айының басында Үндістанда "Coldrif" жөтелге қарсы сиропын шығарған компанияның иесі тұтқындалды. Себебі Мадхья-Прадеш штатында бұл сироптан кейін 5 жасқа дейінгі 17 бала қайтыс болған.
Айта кетейік, 2022-2023 жылдары Өзбекстанда да үнділік Marion Biotech компаниясының суық тиюге қарсы дәрісінен кейін көптеген бала бүйрек жеткіліксіздігімен ауруханаға түскен еді. Ол кезде 68 бала көз жұмған.
Еске салсақ, бұған дейін Үндістанда жөтелге қарсы шәрбаттан 20 бала көз жұмған еді.
16 қазан 2025 ж. 175 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 129

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 116

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 123

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031