Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сан сырқаттан сауығуға себепші

Сан сырқаттан сауығуға себепші

«Ебін тапқан, екі асайды» демекші, қазіргі таңда тұрақты жұмысынан бөлек, жеке кәсіпті бірге алып жүрген жандар жетерлік. Солардың қатарында Әйтеке би кентінің тұрғыны – Аян Рахметәли де бар. Алайда ол өз ісін кәсіпкерліктен гөрі, хоббиға көбірек келеді деп есептейді.
Осыдан екі жыл бұрын бөдене баптап, жұмыртқасын сатуды қолға алған Аянның қазір үйінде 300 құсы бар. Олардан күніне 150-ден ары жұмыртқа жинайды. Оны 40 теңгеден сатады. Бөдененің жұмыртқасына деген сұраныс жоғары. Себебі де белгілі. Аурудан айығуға айтарлықтай әсер ететін жұмыртқаны тұтынушылар саны уақыт өткен сайын артып келеді.
– Балапан басып шығаратын арнайы аппаратты Алматы қаласынан алдырдық. Жұмыртқа 45-50 күнде бөденеге айналады. Құсты күтіп, баптап, жем-суын уақытылы беріп отыру керек. Бөдене жұмыртқасын шикілей, қайнатылған, қуырылған, пешке сусыз пісірілген күйінде жеуге де болады. Ең дұрысы, бәрінен пайдалысы – шикі күйінде ішу. Сонда ол өзінің айрықша дәрумендерін сақтап қалады.
Мен осы шаруаны қолға алғалы бөдене жұмыртқасының қыр-сыры туралы көп ізденіп, оқыдым. Білуімше, қазіргі уақытта Жапонияда бөдене шаруашылығы жақсы дамыған. Бұл елде жылына 19 миллиардқа жуық бөдене жұмыртқасы өндіріледі. Керек десеңіз, бөденені зерттейтін орталықтар, институттар құрылған. Сонымен қатар бүгінде Қытай, Үндістан, Германия және басқа да елдер бөдене ісін жандандыруға қатты көңіл бөлген, – дейді Аян Рахметәли.
Бұл құстың жұмыртқасы қандай қасиетке ие екенін білмекке жан-жақты ақпарат жинай бастағанымызда, бір грамм бөдене жұмыртқасының құрамында А және D дәрумендері екі есе көп екендігін білдік. В тобындағы дәрумендер де анағұрлым, яғни алты есе, фосфор, калий және темір төрт-бес есе жоғары. Бұл диеталық өнімде мыс, кобальт, никотин қышқылы мен амин қышқылы да мол. Тағы бір дәлелденгені, бөдене жұмыртқасы тауықтікіне қарағанда микробтардан таза келеді. Өнімнің ең басты ерекшелігі – өз қасиетін жоймай ұзақ сақталуында. Бөлме температурасы жағдайында айға жуық, ал тоңазытқышта 60 тәулікке дейін сақтауға болады.
– Жапонияда әрбір бала күніне екі бөдене жұмыртқасын жейді екен. Ал тарихқа көз жүгіртсек, Шыңғыс ханның өзі жаралы жауынгерлеріне жұдырықтай ғана бөдененің жұмыртқасын ішкізіп, аяққа тұрғызған деседі. Өйткені бөдененің еті де, жұмыртқасы да мың түрлі дертке дауа. Адамның ойлау қабілетін арттырып, ағзаны түрлі жұқпалы аурулардан қорғайды. Ал дәмі тіл үйіреді, әрі тойымды, – дейді бөдене баптаушы.
Расында да мамандар бөдене жұмыртқасын балаларға, қарттарға, аяғы ауыр және емізулі баласы бар әйелдерге, сырқат және әлсіз жандарға жиі тұтынуға кеңес береді. Себебі, бұл өнімнің адамның иммунитетін көтеріп, сергітетін қуаты мол. Бөдене жұмыртқасы бас ауруына, демікпе мен туберкулезге, қан қысымының көтеріліп және түсіп кетуін реттейді. Бүйрек, өкпе, асқазан, ішек ауруларын, асқазан жарасын жазады, фосфор, калий, темірдің әсерінен есте сақтау қабілеті жақсарады, анемияға таптырмас ем. Сонымен қатар бөртпе пен диатезден құтқарады. Салқын тию мен тұмауға қарсы да қолдансаңыз болады. Бұлшық ет пен сүйектерді қатайтып, баланың есте сақтау қабілетін арттыратын қасиетке ие. Диета кезінде арықтауға, ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне көмектеседі. Адамды жасартатын қасиетін айтпай кетуге болмайды. Мәселен бөдене жұмыртқасының құрамына кіретін тирозин амин қышқылы косметика саласында ең қат өнім саналады.
Сан сырқаттан сауығуға септігін тигізетін өнімді бүгінде табу қиын емес. Дертке дауа дәрумендей дүниені тіпті дүкен сөрелерінен де кезіктіресіз. Бұл ретте бөдене баптап отырған Аян секілді жастардың еңбегі ерекше.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

11 маусым 2022 ж. 763 0

Мен таңдаған мамандық

30 қараша 2024 ж. 26

Отыз жылдық белес

30 қараша 2024 ж. 34

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930