Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыртқаны қалай жеу керек - маман кеңес берді

Жұмыртқаны қалай жеу керек - маман кеңес берді

Нутрициолог маман жұмыртқа құрамында ақуыз бен лецитин болғандықтан денсаулыққа өте пайдалы екенін айтты. Ресейдің ұлттық диетологтар қоғамының нутрициологы Ольга Деккер өзінің Instagram парақшасында жұмыртқа дайындаудың ең пайдалы тәсілі туралы жазды. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Маман жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатпауға және қуырмауға кеңес береді. Өйткені бұл жағдайда жұмыртқа ақуызы ағзаға нашар сіңеді. Деккер жұмыртқаны шала пісірілген немесе аз қуырылған күйінде пайдалануды ұсынды.
Ол жұмыртқа құрамында ақуыз бен лецитин болғандықтан денсаулыққа өте пайдалы екенін айтады. Оның пікірінше, тауық, үйрек, бөдене және қаз жұмыртқасын пайдаланған жөн.
Сондай-ақ Ольга Деккер жұмыртқа "жаман" холестеринді арттырады деген аңызды жоққа шығарады. Нутрициолог бұл органикалық қосылыстың 80%-і бауырда түзілетінін және 20%-і ғана рационға байланысты екенін алға тартады.
Бұдан бұрын диетолог дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Михаил Гинзбург жұмыртқа жеудің ең зиян түрін атаған болатын. Ол күніне 50 грамм қуырылған қызыл етті жұмыртқамен пайдалану ұйқы безі мен тоқ ішек қатерлі ісігінің даму қаупін арттырады деген зерттеу қорытындысына сүйенеді. Сонымен қатар бұл атеросклероздың дамуына әкелуі мүмкін.

11 сәуір 2021 ж. 2 591 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 89

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930