Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Діңгегі мықты шаңырақ

Діңгегі мықты шаңырақ

Отбасы – қоғамның ең маңызды құрылымы екені баршаға белгілі. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік қаншалықты мықты болса, қоғамның діңгегі де соншалықты берік болары сөзсіз.
Ішкі сезімдері құбылмалы жандар құрған шаңырақ ғұмырлы болуы қиын. Сондай-ақ өзімшіл, тәкаппар адамдар да жанұя бақытын толық түсіне алмайды. Ал біздің кейіпкерлер бұл санаттан емес. Жадырасын Азиев пен Ләззат Қуанбайдың шаңырақ құрғанына 10 жылға жуықтады. Құдай қосқан қосағы Ләззат екеуі Алтынгүл, Жаннұр мен Жайнасын есімді қыздарды тәрбиелеп отыр. Ерлі-зайыптылар Қазалы теміржол ауруханасында қызмет етеді. Бірі осындағы радиология бөлімінде рентген лаборант болса, екіншісі “ПТР зертханасында” лаборанттық жұмысты атқарады.
– Бала кезден мектепте жүріп, әкемнің жанында “РЗА” АҚ-да түнгі ауысымда фермадағы ірі қараны қарадым. Анам жиі ауырғандықтан әкем медицина саласына баруға ой салды. Осылайша өмірлік мамандығымды таңдадым.
Бүгінде кәсібімнен әрбір адамның дертіне дауа тапқанда рахат сезімге бөленемін. Мәселен “аяғым ауырды, бастыртпай қойды” деген науқастың ол жерінен ештеңе байқалмағандықтан белін түсіргенде сонда ақауы болғанын анықтағанбыз. Кейін ол соны емдегеннен сауығып кетті.
КТА арқылы індетті анықтап, ерте емін бастағаннан жақсы болғандар рақметін айтып кетеді. Инсульттің алғашқы сатысын байқап, емдік шараларын уақытылы жүргізгеннің арқасында айыққандар алғысын білдіріп тұрады. Аяғы ұнталып сынған адамға дәл диагнозын көрсеткеннің нәтижесінде айыққан жан келіп қол алып риясыз ризашылығын жеткізген. Қатерлі ісіктің де алдын алған кез болды. Кейін сырттан емделіп келгендер алғыс айтқан. Негізінен біздің істе табылған диагнозды жайлап ескертеміз. Ем жүретіндігін ескертіп, алға жетелеуге септесеміз, – дейді Жадырасын.
Жайдар көңілді жігіт маңайы ізгі ниетті ашық адамдарға толы екенін алға тартты. Медицина сонысымен ғана өміршеңдігін тілге тиек етті. Оның айтуынша, әріптестерінің бір-біріне деген сыйластығы зор. Бұл күні фелдьшер мамандығын тәмамдаған Жадырасын біліктілігін жетілдіріп, рентген лаборант қызметіне машықтанған. Көкейге тоқыған білімінің арқасында заманауи жабдықтарды жете меңгерген. Арнайы медициналық техниканың құлағында ойнайтын еңбекқор жан ешкімнің қадағалауынсыз келушілерді өзі түсіріп, нәтижесін ортақ базаға жүктейді.
Жадырасын Қалдыбайұлы темір­жол ауруханасына алғаш рентген лаборант болып орналасқан. Кейін басшылық оның заманауи технологияға икемділігін байқап, компьютерлі томографиямен халықтың денсаулығын бақылауды жүктеді. Алғашқы жылдар рентген аппаратын қолдануды Нұрболат Мыңболсын мен Қарасай Қараноғаев үйреткен болатын. Ал Ерболат Дәрібаев жұмыстағы медициналық ережелерді ескертіп, қызметті қалай көрсету атқару тәртібін түсіндірді.
– Жалпы рентгенде 4 дәрігер, 8 лаборант бар. Дәрігерлер: Шынболат Қуантай, Ғалымжан Тәжібаев, Сахи Төлегенов, Ерболат Дәрібаев және лаборанттар: Н.Мыңболсын, Жалын Көбенов, Мұрат Баймұратов, Мақсат Жалғасбай, Биболат Тілеубай, Аманжол Қуанбай, Батырбек есімді әріптес­теріммен бірлесе қызмет жасаймыз.
Радиология бөлімі адам ағзасының кез келген мүшесін түсіріп нақты диагноздар қойып береді. Жақында магнитті резонасты томография жабдығымен қамтылдық. Бұл құрылғы әзірге өкпені түсірмейді. Қалғанының барлығын осы аппаратпен бақылаудамыз. Аудандағы барлық емхана мен Қармақшы, Төретам, Арал аумағының тұрғындары да денсаулық жағдайына қарай аймақтық дәрігердің жолдамасымен келе алады. Тек адам бойына темірден дәнекерлер салынған болса, ондайда МРТ-ға түсірілмей, компьютерлік томографиямен бақы­лауға аламыз. Олай жасайтын себе­біміз, магнитті резонансты томография деп атауында көрсетілгендей, құрамында магнит болғандықтан кері әсерін береді. Күніге МРТ түсіруге 7-8 адам ғана қабылданады. Әр адамға бір сағаттан ғана уақыт бөлінеді. Қазір маған аға лаборант лауазымы берілді, – дейді іскер жігіт.
Ал Жадырасынның жары Ләззат Қуанбайдың еңбек еткеніне көп болмаса да қызметтестерінің арасында сыйлы, ағайын-туыс ортасында мақтаулы жан. Ол әуелгіде жұмысын теміржол емханасының стоматология бөлімінде мейіркеш болып бастаған. Індет жайлаған кезде ПТР зертханасында лаборант болып орналасты.
– Ләззаттың апасы мен екі бауыры да өзі сияқты медицина саласын таңдаған. Қайын жұртым текті адамдар. Қайын атам өте жақсы адам. Бір қызығы, тағдырдың жазуымен Ләззатпен бір мектепте қатар сыныпта білім алдық. Колледжде бір партада отырдық. Әжемнің көршісі болды. Ақкөңіл әрі жайдарлы мінезі мені тәнті етті.
Жалпы айтқанда, таңдаған жарымның адамгершілігі мен тәрбиесі керемет. Әке-шешем келіндеріне риза. Сонысын мақтан тұтамын. Бұл мен үшін үлкен құрмет, – деп ағынан жарылды Жадырасын.
Бүгінде жаңа құрылғы арқылы пациенттердің дұрыс емделуі үшін жағдай жасап отырған кейіпкеріміз жан-жақтан балтыры сыздап келетіндердің алғысына бөленуде. Оған айтылатын кез келген мақтау жарасымды.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
11 маусым 2022 ж. 698 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031