Жеті облыста дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктердің мәліметінше, 12 мамырда күндіз Қарағанды облысының шығысында найзағай ойнайды.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел екпіні 15-20 м/с.
Петропавлда 12 мамырда күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде батыста, солтүстік-батыста, күндіз солтүстік жартысында, облыстың орталық бөлігінде найзағай, бұршақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 23 м/с жетеді.
Оралда 12 мамырда күндіз найзағай болып, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
Күндіз оңтүстікте, Ақтөбе облысының орталығында найзағай ойнайды. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз солтүстікте, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбеде 12 мамырда оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын жел, күндіз солтүстікте, облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с.Атырау облысының шығысында және орталығында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, күндіз солтүстікте, шығыста және облыс орталығында екпіні 15-20 м/с болады.