Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 9 облыста ескерту жарияланды

9 облыста ескерту жарияланды

Қазгидрометтің мәліметінше, Нұр-Сұлтанда 11 мамырда өткінші найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Алматыда сәрсенбі күні нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ жауып, шаңды дауыл соғады деп болжанды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25-28 м/с-ке жетеді.

Талдықорғанда 11 мамырда найзағай ойнайды, жел жылдамдығы15-20 м/с-ке жетеді.
Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.
Павлодар облысының оңтүстігі мен батысында найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с деп күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, шаңды дауыл болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Көкшетауда түнде және таңертең жел соғады, екпіні 15 м/с-ке жетеді. Мамандар Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады деп болжап отыр. Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының батысында және солтүстік-шығысында найзағай күтіледі, оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с деп күтіледі.

Оңтүстікте, Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында, сондай-ақ Шымкентте найзағай ойнап, бұрқасын болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с.
11 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде найзағай ойнап, бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с болады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында синоптиктер найзағай ойнайды деп болжап отыр. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады.

#жаңбыр #Қазгидромет #жауын шашын #ауа райы #ауа райы болжамы
11 мамыр 2022 ж. 383 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930