Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 99 жастағы ҰОС-ның ардагері дауыс берді

99 жастағы ҰОС-ның ардагері дауыс берді

Бекарыстан би ауылында тұратын 99 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Қабақ Смағұл да аудан тұрғындарынан қалыспай дауыс берді.

– Бүгін біздер үшін маңызды күн. Бұл күн еліміздің болашағын айқындайды. Бұған дейінгі сайлаулардан да еш қалып көрген жоқпын. Меніңше, әр тұрғын мұндай жауапты кезде бейжайлық танытпауы тиіс. Бүгін балаларым мен немерелерімнің болашағы үшін дауыс бердім. Бастысы, елімізде тыныштық, соның құнын білуіміз тиіс. Сол үшін ойланып, саралап, өлшеп, екшеп, ел болашағы үшін таңдау жасадым, – дейді қарт майдангер. 

№84 учаскелік референдум комиссиясы тарапынан үйден дауыс беретін майдангер қартқа бюллетень жеткізіліп, дауыс беруге мүмкіндік жасалды. Өз кезегінде Отан соғысының отты жылдарынан елге аман-есен оралған ардагер батасын берді.

#Қазалы
05 маусым 2022 ж. 609 0

Жасыл орман жайқалса...

12 шілде 2025 ж. 124

Еңбегі еселі ер

12 шілде 2025 ж. 123

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031