Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа дүкен ел игілігіне

Жаңа дүкен ел игілігіне

Сенбіде Әйтеке би кентіндендегі 5 квартал тұрғындары үшін қуанышты жаңалық орын алды. Бұған себеп «Светофор» супер маркет желісінің ашылуы болды.
Шараның ашылуына Қазалы ауданының адагерлер ұйымының төрайымы О.Бекбанов, аудан әкімінің идеология жөніндегі орынбасары Д.Тілеуімбетов және аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков сынды азаматтар қатысты. Жаңа дүкенді аралап, ондағы тауарлардың сапасымен және бағасымен танысып шықты.
– Біз жергілікті тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді тауарлармен қамтамасыз етуге тырысамыз. Мұндағы тауарлар халыққа базардан әлдеқайда төмен бағамен сатылатынын айтып отыр. Одан бөлек, дүкенде жергілікті жерден 11 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Әрине, жаңа сауда нүктелерінің ашылуы, сауда желілерінің кеңеюі – баға тұрақтылығын қамтамасыз етіп, төмен деңгейде ұстауға оң ықпалын тигізеді, – деді Күнтілес Айдарбекұлы.

Жаңа дүкенде 3 мыңға жуық азық-түлік және басқа да тауарлар ассортименті сатылады. Сонымен қатар, бұл жерде тұрмысқа қажетті заттар, балаларға арналған киімдер, ойыншықтар, сусындар және ыдыс-аяқтардың түр-түрін табуға болады.
Бұған көршілес орналасқан көпқабатты үй тұрғындары дән риза.
– Қазіргі таңда өздеріңіз білетіндей, азық-түлік жалпы көптеген тауардың бағасы көтеріліп жатыр. Осы тұста бізді қуантып тұрғаны төмен бағадағы супер маркет. Мұнда барлық заттың дерлік бағасы өзге дүкендерден арзанырақ. Халық игілігі үшін ашылып жатқан нысандардың бірі. Алғысымыз шексіз, – дейді көпқабатты үй тұрғыны Айнагүл Тойбазарова.

Расыменде, көптеген тауардың қазіргі нарыққа байланысты құнының шарықтап тұрғаны баршамызға мәлім. Осы орайда төмен бағадағы супер маркет желісінің ашылуы тұрғындар үшін қуанарлық жай болып тұр.
Серік АҚМЫРЗА
29 мамыр 2022 ж. 772 0

Мектептегі мұражай

30 сәуір 2024 ж. 56

Туған өңір - тұнған өнер

29 сәуір 2024 ж. 103

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031