Қазалы ауданындағы «Ай ғасыр» мейрамханасының орнынан «Алғыс» отбасылық киімдер дүкені ашылды. Жұмысын бастаған сауда орталығына келушілердің қарасы қалың. Ондағы тауарлар бағасы да нарық бағасынан төмен екені байқалады.
Қазіргі таңдағы пандемиялық ахуалға байланысты мейрамханалар мен ресторан бизнесі тоқтап тұр. Бұл көптеген кәсіпкерлерді табысынан қақты. Ал, кәсіпкер Асылгүл Аманжолова зәулім ғимараттар бос тұрмасын деп, оны ел игілігіне айналдыру мақсатында аудан тұрғындары үшін тиімді бағада отбасылық киімдер дүкенін ашты. Мұнда балалар киімінен бастап, нәрестелер, әйелдер мен ерлер киімдерінің барлық түрлері кездеседі. Жылдың төрт мезгіліне арналған сәнді үлгіде киімдер, аяқ киімдерге де кең таңдау бар.
Дүкен иесі Асылгүл Аманжолова сауда сөрелеріндегі тауарларды Түркия, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей елдерінен алдырады. Сұранысқа сай сапалы, сәнді және арзан бағадағы заттарды осы жерден табасыз. Сауда үйі осылайша аудан тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруда.