Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Референдум

Референдум

5 маусым күні Қазақстан Республикасының келешегі үшін маңызды референдум өтеді. 1995 жылы 30 тамызда конституция қабылданып, бүгінгі күнге дейін құжатқа төрт рет өзгеріс енгізілгені белгілі. Заман ырғағы мен әлемдегі, елдегі саяси жағдайға байланыс­ты жасалған түзетулер халықтың игілігі үшін жиі жасалып тұруы ерекше маңызды. Бұл жолғы науқанның ерекшелігі сол, өзгеріс Парламентте емес, ел тарихында алғаш рет референдум арқылы жүзеге асады. Ол үшін депутаттар ауыл-аймақтарды апарлап, көпшіліктің пікірін, қарапайым жұрттың қалауын саралайды. Мемлекет тарихында алғаш рет классикалық үлгідегі басқаруға көшкелі отырған үкіметтің жаңа қадамы жайында жергілікті халық қалауыларының пікірін білдік.

Бұқара халықтың пікірі ескеріледі
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 05 мамыр күні Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды және референдум 5 маусым күні өткізілетін болып белгіленді.
Баршаға белгілі референдум демократияның маңызды институты болып табылады. Себебі мұндай тарихи шара кезінде, мемлекеттік маңызы бар мәселелерге қатысты тікелей бұқара халықтың пікірі міндетті түрде ескеріледі. Бұл дегеніміз Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы аясының тынысын кеңейтпек.
Мемлекет басшысы халыққа жасаған бейнеүндеуінде «Ата Заң баптарының үштен бірі өзгеретінін, Конституциямыз мүлде жаңа сипатқа ие болатынын ерекше атап айтты. Сондай-ақ, Президент құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер орын алатынын, Конституциялық сот құрылатынын, аудандық және қалалық мәслихат депутаттарын сайлаудың мажоритарлық жүйесінің толықтай енгізілуі өңірлердің тыныс-тіршілігіне азаматтардың ықпал ету мүмкіндігін арттыруға жол ашатынын тілге тиек етті. Осы орайда Қазалы аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі ретінде Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдаймын және барша қазақстандықтарды еліміз, болашағымыз үшін тарихи бетбұрысқа бастайтын маңызды шараға, халық үніне құлақ асуға негізделген халықтық референдумға белсене қатысып, 5 маусым күні өз таңдауларыңызды білдіруге шақырамын. Бұл тұста «AMANAT» партиясының барлық мүшелері Президент бастамасын қолдайды деген зор сенімдемін.

Нұрлан ИМАНДОСОВ,
аудандық мәслихат депутаты

Мемлекеттің кешендіөзгеруіне бағытталып отыр
Конституцияға енгізілетін өзгерісті жалпыхалықтық референдум арқылы халықпен кеңесіп, қабылдау игі бастама. Мемлекет басшысының жариялаған бұл үндеуі – жаңа дәуірдегі мемлекет тұрақтылығының кепілі. Саяси сындарлы диалог пен экономикалық маңызды реформалар қоғамдық гүлдену мен мемлекеттің ертеңіне үлкен үміт ұялатады. Конституциялық реформа бүкіл мемлекеттік үлгінің кешенді өзгеруіне бағытталған.
Жаңа Қазақстанды құру жолында үлкен мақсаттар бар. Осы орайда Ата Заңымызға түзетулер мен өзгерістер енгізе отырып, мемлекет пен қоғамға түбегейлі өзгерістердің нәтижесінде әрбір қазақстандықтың өміріне оңды жағдай жасалмақ. Яғни қолынан іс келетін, әрбір адамның жақсы өмір сүруі үшін барынша қолайлы мемлекетті құруға өз үлесін қосуға мүмкіндіктің орайы туып отыр. Сол себепті ұрпағының болашағына алаңдайтын әр қазақстандық азамат ел Президенті ұсынған Ата заңға енгізілетін өзгерістер бойынша өткізілетін бүкілхалықтық референдумда дауыс беру арқылы өз үнін қосып жеткізуге құқылы.
Еліміз тарихындағы аса маңызды оқиғадан шет қалмау елін сүйетін әрбір азаматтың басты міндеті. Осы орайда мен баршаңызды референдумға қолдауға шақырамын! Сіздердің қолдау­ларыңыз ел болашағы үшін маңызды.

Ерболат МҰХАШ,
аудандық мәслихат
депутаты
Демократиялық жаңғыру жолына бастайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойып, Конституциямызды мүлде жаңа сипатқа ие болуға бағыттады. Референдум дегеніміз халықтың саяси еркін тікелей білдіретін құрал болғанымен, тәуелсіздіктен кейін өмірге араласқан жас ұрпақ оны мүлдем көрген жоқ. Осының барлығын ескере отырып, кешегі жарияланған саяси жаңаруды жұртымыз тікелей түйсініп, өз болашағы өз қолында екенін сезіну үшін бүгін бізге осындай зор тарихи мүмкіндік беріліп отыр деп есептеймін. Біз осы мүмкіндікті барынша ұтымды пайдаланып, демократиялық жаңғыру жолына түссек екен деген тілегім бар. «AMANAT» партиясының белсенді мүшесі ретінде мемлекет басшысының бас­тамаларын толық қолдаймын және барша қазақстандықтарды еліміз, болашағымыз үшін тарихи бетбұрысқа бастайтын маңызды шараға, халық үніне құлақ асуға негізделген халықтық референдумға белсене қатысып, 5 маусым күні өз таңдауларыңызды білдіруге шақы­рамын.

Талғат ӘЛІПБАЕВ,
аудандық мәслихат
депутаты
21 мамыр 2022 ж. 1 008 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031