Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бұқара халықтың пікірі ескеріледі

Бұқара халықтың пікірі ескеріледі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 05 мамыр күні Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды және референдум 5 маусым күні өткізілетін болып белгіленді. Баршаға белгілі референдум демократияның маңызды институты болып табылады. Себебі мұндай тарихи шара кезінде, мемлекеттік маңызы бар мәселелерге қатысты тікелей бұқара халықтың пікірі міндетті түрде ескеріледі. Бұл дегеніміз, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған "Халық үніне құлақ асатын Мемлекет" тұжырымдамасы аясының тынысын кеңейтпек.
Мемлекет басшысы халыққа жасаған бейнеүндеуінде «Ата Заң баптарының үштен бірі өзгеретінін, Конституциямыз мүлде жаңа сипатқа ие болатынын ерекше атап айтты. Сондай-ақ, Президент құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер орын алатынын, Конституциялық сот құрылатынын, аудандық және қалалық мәслихат депутаттарын сайлаудың мажоритарлық жүйесінің толықтай енгізілуі өңірлердің тыныс-тіршілігіне азаматтардың ықпал ету мүмкіндігін арттыруға жол ашатынын тілге тиек етті. Осы орайда Қазалы аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі ретінде Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдаймын және барша қазақстандықтарды еліміз, болашағымыз үшін тарихи бетбұрысқа бастайтын маңызды шараға, халық үніне құлақ асуға негізделген халықтық референдумға белсене қатысып, 5 маусым күні өз таңдауларыңызды білдіруге шақырамын. Бұл тұста «AMANAT» партиясының барлық мүшелері Президент бастамасын қолдайды деген зор сенімдемін!
ИМАНДОСОВ НҰРЛАН САМҰРАТҰЛЫ,
Қазалы аудандық мәслихаттағы
 «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі
12 мамыр 2022 ж. 699 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031