Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балық әлеміндегі әдемілік

Балық әлеміндегі әдемілік

Өткен жылы Қашқанкөл орны ойсырап, лайланған суды көруге зар болғандай күй кештік. Биыл оның есесі қайтып, арнасы толып, көңілді марқайтып тастады. Әсіресе, тұралап қалған балық шаруашылығы қайта жанданып келеді. Дегенмен өткен жылы қурап құлаған қамыс пен шөп-шалаң, желдің ығына көне көшкен қоқыстар су айдандарының әрін кетірген еді. Осыған байланысты облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жахановтың «Таза су айдындар» акциясын өткізудің іс-шара жоспары бекітіліп, жергілікті сала қызметкерлері көлдер мен арналарды қорғауға жең түре кірісе кетті.
Балық шаруашылығында маңызы бар айдындарды тазалау мамырдың алғашқы күні-ақ басталды. Бұған Қазалы орман және жануарларды қорғау мекемесінің мамандары жетекшілік жасап, көл-судан нәпақасын айырып отырған шаруаларды да жұмылдырған.
– Сырдариядан бастап шағын көлшіктердің айналасы пластикалық бөтелкелер мен қоқыстардан тазартылып жатыр. Мұның суды ластайтынын, ондағы тіршілік иелерінің өміріне зиян келтіретінін білесіздер. Әрі-беріден кейін адамдар балық өнімдерін жиі тұтынатындықтан, балықтардың да тұнық ортада тіршілік етуі маңызды. Оның үстіне қазір балықтардың уылдырық шашатын уақыты да жетті. Көпшіл іске Қазалы қаласы әкімдігінен, аудандық ауылшаруашылық бөлімінен мамандар бекітіліп, табиғат пайдаланушыларын көптеп тартуға күш салынуда, – дейді мекеме ихтологы Б.Нұғыман.
Тұтынушылар балықты уылдырығымен қоса сатып алғанды ұнататынын білеміз. Дегенмен теңіз байлығының саны күрт азайып кетпесін десек, бұл әдеттен арылу керек. Балықтың көбейетін уақытында арнаға ау салу, қаптаған қармақпен балық аулау – қарақшылықпен пара пар. Бұған Заң да тосқауыл қояды. Егер балықшылар тәртіпке бағынбай, табиғатқа жанашырлық танытпаса, жеке тұлғалар 10, шағын кәсіпкерлік субъектілері 30, орта деңгейдегі бизнесмендер 50 айлық есептік көрсеткіште айыппұл арқалайтынын ескермеуге болмайды. Ал жыл ішінде қайталап қағида бұзған азаматтар екі есеге жуық айыппұл төлеуі ғажап емес. Балық аулауда тыйым салынған затпен құрыққа түскендердің кәсіби құралдары тәркіленіп, тікелей сотқа жолданады.
Уылдырық шашу мерзімі Сырдария өзенінде сәуірдің бірінен басталып, осы айдың соңғы күні аяқталады деп жоспарланған. Ал көлден олжалы қайтуды көздегендер 10 маусымға дейін сабырлық танытқаны ләзім. Өйткені болашақта да балық аулап, етін тұтыну мерзімінде қойылатын шектеуге бағынуға байланысты.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
04 мамыр 2022 ж. 773 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031