Балық шабақтары құтқарылды
Қазіргі таңда өңірімізде балық шаруашылығы саласының алатын орны зор. Елде балықты қорғауға арналған ауқымды жобалар жүзеге асырылып, өсімін арттыру мақсатында жүйелі жұмыс атқарылуда.
Облыс аумағында суармалы жерлердің көп бөлігі Сырдария өзенінен келетіндіктен, балық шабақтары күріштік алқап пен қашыртқы каналдарда өсіп, жетіледі. Жаз аяқталған соң егістіктерге жіберілетін су тоқтатылады. Бұл жағдай балық шабақтарының бөлектенген суларда қалып, қырылу қауіпін туындатады.
Осы жағдайлардың алдын алу мақсатында жыл сайын басқармаға қарасты орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер жергілікті табиғат пайдаланушылармен бірлесіп, «Шабақ құтқару» іс-шарасын жүргізіп келеді.
Жауапты қызметкерлер табиғат пайдаланушылармен бірлесіп күріштік алқаптардың қашыртқы каналдарынан 20 000 дана балық шабағын құтқарып, «Қашқансу» су айдынына жіберді.
Облыс аумағында балық шабақтарын құтқару акциясы қарқынды түрде жүргізілетін болады.
Серік АҚМЫРЗА