Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды
Елдің батысында ауа температурасының төмендеуіне себеп болған солтүстік-батыс антициклон одан әрі республиканың солтүстік-батыс, солтүстік, орталық облыстарына ауысуын жалғастырады.«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, жалпы республиканың басым бөлігінде мамыр айының басында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, оның біртіндеп көтерілуі күтілуде. Ал аптаның соңына қарай күндіз ауа температурасы +13 …+25°C градусты көрсетеді. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында температураның айтарлықтай ауытқуы күтілмейді.
Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжап отыр.
Қызылорда облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан облыс орталығында жел соғады, күші 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының шығысында – шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде – тұман.
Батыста, оңтүстікте, Маңғыстау облысының орталығында және Ақтау қаласында найзағай ойнайды.
Түркістан облысының таулы аймақтарында – қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда – найзағай, бұрқасын. Күндіз таулы аймақтарда – бұршақ жауады. Шымкент қаласында – кей уақытта найзағай ойнайды, бұрқасын болады.
Қарағанды облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, солтүстігінде батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қаласында 3 мамырда күндіз – батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.













