Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "7-20-25" бағдарламасы бойынша қанша қаражат қалғаны айтылды

"7-20-25" бағдарламасы бойынша қанша қаражат қалғаны айтылды

Қазақстанда "7-20-25" тұрғын үй ипотекалық бағдарламасын жүзеге асыру жалғасып жатыр. Ипотекалық бағдарлама триллион теңге шегіне жеткенше жұмыс істейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазақстанның тұрақты даму қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 сәуірдегі жағдай бойынша, 1 триллион теңгенің 534 миллиард теңгесі берілген.
"7-20-25" ипотекалық бағдарламасы бойынша жоспарланған әлі 466 миллиард теңге резерв бар", - делінген хабарламада.
Қор бағдарлама аясында несиелер тек бастапқы нарықта жаңа, пайдалануға берілген тұрғын үйді сатып алуға берілетінін еске салды.
"Барлық ипотекалық несиенің басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында берілген - 14 232, сомасы - 212,3 миллиард теңге. Алматыда - 127,5 миллиард теңгеге 8 912 несие, Шымкентте 33 миллиард теңгеге 2 843 несие берілді", - деді баспасөз қызметі өкілдері.
Ипотекалық бағдарлама шарттарында баға шегі белгіленген: сатып алынатын баспана Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау және Шымкент қалаларында 25 миллион теңгеден аспауы керек. Қарағандыда жылжымайтын мүлік бағасы 20 миллион теңгеден, басқа аймақтарда 15 миллион теңгеден аспауы керек.
"7-20-25 бағдарламасы халықтың барлық санатына арналған. Жеке баспанасы жоқ, басқа ипотекалық несиелері жоқ, еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен ресми түрде расталған кірісі бар кез келген ел азаматы ипотека ала алады", - деді қордағылар.
18 сәуір 2022 ж. 783 0

Қазалының Балтабайы еді

31 қаңтар 2026 ж. 123

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031