15 сәуірге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК-сы таратқан мәліметтерге қарағанда, 15 сәуір күні циклонның әсеріне байланысты еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстанның өзге өңірлеріндегі күн райына антициклон жотасы әсер етіп, күн ашық болады. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте тұман түседі.
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың солтүстігі мен шығысында жел 18-23 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 28 м/с-қа жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнап, облыстың солтүстік-батысында жел 16 м/с-қа дейін күшейеді.
Қостанай облысының батысына тұман түсіп, найзағай ойнайды, күндіз облыстың шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі, найзағай ойнайды, күндіз облыстың шығысында жел тұрып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түсіп, күндіз солтүстікте, облыстың батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының күндіз батысында, орталығында, оңтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді.
Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады, түнде және таңертең Қызылорда облысының батысында найзағай ойнайды