Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім ордасы бой көтереді

Білім ордасы бой көтереді

Қазіргі таңда ауданда апаттық жағдайда тұрған мектеп жоқ деп мақтанышпен айтуға болады. Күн өткен сайын білім ошағына оң аяқпен аттаған оқушылар саны артып келеді. Соған сай жауаптылар жаңа мектептер тұрғызу жайы күн тәртібінен түсірен емес. Жақында Әйтеке би кентінде, бұрынғы №170 мектептің орынына жаңа мектептің құрылысы басталды.
250 балаға арналған мектеп ғимаратының жобасын әзірлеу үшін былтыр жергілікті бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, көп ұзамай жоба оң қорытынды алған. Құрылысты толық аяқтау үшін миллиардқа жуық қаржы жұмсалады деп жоспарланып отыр. 12 айға созылатын қызу жұмыс облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде қаржыландыруға ұсынылған.
Құрылыс жұмыстарын бастау үшін ұлттық қордан 471,779 миллион теңге бөлінді. Нысанның жер учаскесі 1,08 гектарды құрайды. Жобада сыртқы әжетхана, автономды бу қазандығы, қоқыс контейнерлері, 50 кубтық септик, жеке трансформатор қондырғысы, ДЭС, ШРП, алаңдары мен автотұрақ қаралған.
Бұдан бөлек, оқушылар үшін линейкада тұру және баскетбол алаңы салынады. Жас ерекшелігіне сай 1-9 сыныптарға арналған гимнастика бөлмесі, бастауыш сынып балаларына бөлек ойын залдары қарастырылған.

Р.ҚАЙРАТҰЛЫ
18 қыркүйек 2021 ж. 613 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 239

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 129

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 129

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031