Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Он саусағынан айырылған Қазалы тұрғыны тігін тігіп, ау тоқиды

Он саусағынан айырылған Қазалы тұрғыны тігін тігіп, ау тоқиды

Қызылорда облысы Қазалы ауданының тұрғыны Оңдашбай Өтеміс он саусағынан айырылса да, тігінші атанып жүр.
Қазақта «Шеберді саусағы асырайды» деген сөз бар. Бірақ Қазалы ауданы Абай ауылында тұратын тігінші Оңдашбайдың он саусағы да жоқ. Соған қарамастан, ол жастайынан меңгерген тігіншілік кәсібін жандандырып отыр.
Айта кетерлігі, Оңдашбай Өтеміс он саусағынан бертінде айырылған екен. Бұл жайында ол былай әңгімелейді: «Осыдан біраз жыл бұрын, қаңтарда мал бағып жүргенмін. Аттан қалың қарға оңбай құладым. Күн болса, қақап тұр. Сол аязда он саусағымды да үсік шалды. Амал жоқ, дәрігерлер бәрін кесіп тастауға мәжбүр болды. Бастапқы кезде саусақсыз тірлік істей алмай, қатты қиналдым. Құдайдың салған сынағына көнбеске болмайды және оған қасқайып төтеп бере де білу керек».
Тігіншілігімен танылған шебер саусағынан айырылғаннан кейін көпке дейін шолақтығынан қуыстанып жиын-тойға бармай жүрген екен.
«Жұбайым Қиғаш қиналғанда қасымда болып, көмектесті. Сосын оңала бастадым. Бойыма қайрат бітті. «Жасым болса қырықтан асты, төрт балам бар, қарап отырғаным жарамас» деп ескі кәсібіме қайта оралдым», - дейді ол.
Тігін машинасын қолына алған Оңдашбай құлақшын, тымақ, көрпе, перде, масахана тігеді, ау да тоқиды. Тапсырысы да көбейіп келеді.
«Еңбек етсең емерсің» деген рас қой. Күн жылынса, бақша егемін. Қорамда аз-маз мал бар, оны бағамын. Тігіншілігім тағы бар. Шамамның жеткенінше жұмыс істеп жатырмын. Саусақтарымның болмағаны қиын әрине, бірақ машықтансаң, меңгеріп кетеді екенсің», - дейді Оңдашбай Өтеміс.
10 сәуір 2018 ж. 2 707 0

Ерлікке тағзым

21 қаңтар 2025 ж. 30

Себет доп бәсекесі

21 қаңтар 2025 ж. 64

Ұшпа доптың ұшқырлары

21 қаңтар 2025 ж. 105

Болмыстағы баскетбол

21 қаңтар 2025 ж. 57

EXPORT-тағы бәсіміз қалай?

21 қаңтар 2025 ж. 56

Әр ісі үлгі көп жасқа

21 қаңтар 2025 ж. 97

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031