Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Төтенше жағдайлар орын алды

Төтенше жағдайлар орын алды

Қазалы ауданында екі күннен бері қатты жел тұрып ауа райы күрт өзгеруде. Оның салдарынан ТД-23 Қазалы айналым депосы мен теміржол ауруханасы және Жаңқожа батыр ауылындағы №24 «Жауқазын» балабақшасының бу қазандығының шатырлары ұшып жарамсыз күйде қалған.
Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев орынбасарларымен бірге оқиға орнына барып, мекеме басшыларымен кездесті.
Алдымен кеше кешкілік, Әйтеке би кентінің шет аймағында өртенген «Орда қамыс» қоймасына барып, өрттің алдын алуда атқарылған жұмыстармен танысты.
Қамыс қоймасында, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Алтынбек Қалиев, аудан әкіміне адам шығыны жоқтығын айтып, тілсіз жаудың бетін қайтарғандарын жеткізді.
Сонымен бірге, қатты желдің салдарынан шатырлары ұшқан ТД-23 Қазалы айналым депосы мен теміржол ауруханасы және Жаңқожа батыр ауылындағы №24 «Жауқазын» балабақшасына арнайы барып, мән-жәймен танысты.
Оқиға орнында, мекеме қызметкерлері жұмыла кірісіп, тазарту жұмыстарын қарқынды жүргізуде.
Өз кезегінде, мекеме басшылары аудан әкіміне тиісті жұмыстардың атқарылып жатқанын жеткізіп, тез арада қалпына келтіретіндерін айтты.
Мұнан соң, аудандық сәулет және қала құрылысының басшысы Нұрбек Күзембаевпен бірге Қазалы қаласына газ беру мәселесін талқылады.
Аудандық сәулет және қала құрылысының басшысы Нұрбек Күзембаев қала тұрғындарын газдандыру барысы бойынша орындалған жұмыстарды баяндап, газ мәселесін тез арада шешу үшін жұмыстардың қарқынды жүргізіліп жатқанын жеткізді.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
06 наурыз 2022 ж. 783 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930