Қазақстанда жол апаты жиі болатын өңірлер аталды
Бас прокуратура өліммен аяқталатын жол апатының қай өңірде жиі болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және әлеуметтік есеп комитетінің мәліметінше, 2021 жылы жол апатының басым бөлігі:
Алматы - 3230;
Алматы облысы - 2248;
Жамбыл облысы - 1290;
Шығыс Қазақстан облысы - 860.
Жол апатынан қаза болғандардың ең көп саны мына өңірде тіркелді:
Алматы облысы - 463;
Түркістан облысы - 319;
Жамбыл облысы - 222;
Қарағанды облысы - 161;
Шығыс Қазақстан облысы - 146.
Комитет Tengrinews.kz сауалына берген жауабында, 2021 жылы барлығы 13 940 жол апаты болып, соның салдарынан 2 270 адам, оның ішінде 200 бала қаза тапты, 18 096 адам жарақат алғанын айтты.
Пандемия және карантиндік шектеулер кезінде жол апаты аз болғанымен, өліммен аяқталатын жазатайым оқиғалардың саны жылдан-жылға айтарлықтай өскенін атап өткен жөн. 2019 жылы 16 614 жол апаты болды, оның 1 959-ы өліммен аяқталды. 2020 жылы қатаң карантиндік шектеулер кезінде 13 515 жол апаты тіркелсе, оның 1 700-і өліммен аяқталды. 2021 жылғы 13 940 оқиғаның 1 859-ы өліммен аяқталды.