Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шатырларларды шытынатты

Шатырларларды шытынатты

Табиғаттың тосын «мінезін» ешкім болжап біле алмайды. Қазалылық тұрғындар бұған дейін жайлы өткен қыстың соңғы айында қар мен адуынды дауылға кезікті. Өткен аптаның жексенбісі күні кешкі қарбаласында солтүстік-батыстан ұйытқи соққан желмен бірге, жаңбыр жауып, елді сарсаңға салды.
Қатты жел әсерінен аудандағы бірнеше ғимарат пен тұрғын үйлерге кесірін келтіріп, жарамсыз жағдайға әкелді. Атап айтқанда, Әйтеке би кентіндегі сауда үйі мен Бозкөл ауылындағы 96 мектеп мәжіліс залының төбе жабындысы айтарлықтай зақымданған. Әйтеке би кентінің Әйтеке би көшесінде орын алған сауда үйінің шатыры жаяу жүргіншілер жолын жауып, автокөлік қатынасына да бөгет болған. Ал ауыл мектебін төбесінің ұшуы, аталмыш оқу ордасы басшысының айтуынша, оқушылар сабағының өтуіне кедергі келтірмеген. Бұл орайда барлық жедел амал қолға алынған.
Аудандағы төтенше жағдайлар бөлімі мамандарының мәлімдеуінше, абырой болғанда, оқыс оқиғадан зардап шеккендер тіркелмеген.
Қазіргі таңда шұғыл қайта қалпына келтіру шаралары бойынша тиісті жұмыстар атқарылып, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек жекелеген баспаналардың шатыр бөлшектері мен мұржалардың жарамсыз күйге түсуі де ­кездескен.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
15 ақпан 2022 ж. 475 0

Түркияда жер сілкінді

27 қазан 2025 ж. 149

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031