Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Онлайн оқу басталды

Онлайн оқу басталды

2021-2022 оқу жылының III тоқсаны басталды. Елдегі жағдайға байланысты оқушылар онлайн оқуда. Бірақ барлығы емес. Бұл Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласындағы мектептерге қатысты. Ал ауылдық окургтегі шәкірттер бұрынғысынша дәстүрлі әдіспен білім алуды жалғастыра береді.
Бұл туралы онлайн брифингте аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов айтты. Ауданның бас ұстазы жаңа оқу тоқсанында білім саласы қызметкерлері мен шәкірттерге сәттілік тіледі.
17 қаңтардан бастап аудандағы мектеп оқушылары үшін ІІІ оқу тоқсаны бастау алды. Қазіргі таңда Қызылорда облысында эпидемиологиялық ахуал күрделеніп, “қызыл” аймаққа енді. Осыған орай, оқу облыстың Бас санитарлық дәрігерінің 14.01.2022 жылғы №1 қаулысына сәйкес, аудан орталығы Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласындағы мектептерде 31 қаңтар 2022 жылға дейін қашықтықтан оқыту форматында жүргізіледі. Айта кетейік, ауылдық мектептерде оқыту дәстүрлі режимде жалғасып, аймағымыздағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары штаттық режимде жұмыс жасайтын болады. Сондай-ақ, балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының (мектептен тыс ұйымдар) жұмысына топты 15 адамнан артық толтырылмаған кезде, алдын ала жазылу бойынша штаттық режимде жұмыс жасауына рұқсат етіледі. Осы ретте барлық білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының және облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулы талаптарына сәйкес, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен жұмыс жасайтын болады, – деді білім бөлімінің басшысы.
Сондай-ақ брифингте офлайн форматта жұмыс жасайтын білім беру ұйымдарында балалардың өмірі мен денсаулығына қауіпсіз жағдай жасау бойынша барлық сақтық шаралары қабылданған. Қазіргі таңда мектептер санитарлық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Оқу орындарын желдету, ылғалды тазалау, кварцтаудан тұратын кешенді іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілетіндігі айтылды. Білім беру ұйымдары «АШЫҚ» қосымшасына енгізілген, маскалық режимді сақтауға міндетті. Аудандағы 1-11 сынып аралығындағы оқушылар контингенті – 16533 оқушы. Бүгінде ауданда 37 мектеп жұмыс жасауда. Аймақтың Бас санитарлық дәрігердің қаулысына орай, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласында орналасқан 13 мектептегі 11 572 оқушы қашықтықтан, 24 ауылдық елдімекенде орналасқан мектептердегі 4961 оқушы сабақтарын дәстүрлі түрде өтуде. Қашықтықтан білім алып жатқан 11 572 оқушының интернетке қолжетімділігімен, электронды құрылғылармен қамтылуы туралы сараптама жүргізіліп, нәтижесінде мектептерден 69 оқушыға роутер, 517 оқушыға электронды құрылғылар таратылған. Аудандағы барлық білім беру ұйымдары интернет-платформаларға 100 процент (Bilim Land, Online Mektep) қосылған. Аудан көлемінде кәмелеттік жасқа толмаған оқушыларды коронавирусқа қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде.
Бөлім басшысының мәлімдеуінше, 934 оқушы коронавирусқа қарсы екпе қабылдаған. Білім беру ұйымдарындағы педагог және кіші қызметкерлер ревакцинациядан өтіп жатыр. Қазіргі таңда 291 мұғалім мен 155 кіші қызметкер ревакцинациядан өткен. Жалпы, білім беру ұйымдарындағы эпидемиологиялық ахуал білім бөлімінің тұрақты бақылауында.
“Құрметті ата-аналар, аймағымызда эпид ахуалдың күрделі болуына байланысты, облыстың Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес ІІІ оқу тоқсаны онлайн форматта жүргізілуде. Біз үшін балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі маңызды. Күдігі мен үміті қатар тұрған кезеңде өздеріңізден осы атқарылып жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарап, балалардың қауіпсіздігін бірге қамтамасыз етуге шақырамын”, – деді сөз соңында Әділхан Оңдасынұлы.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
18 қаңтар 2022 ж. 509 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 129

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930