Төртінші тоқсанда оқушылар қалай оқиды: Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды
Республиканың бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов төртінші тоқсанда оқушылар қалай оқитынын бекітті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа қаулыға сәйкес, 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында республиканың барлық өңірлерінде оқушылар саны 300-ге дейін, сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспайтын қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқыту рұқсат етілді.
Бұған қоса, білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша 15 адамнан аспайтын топтарда оқушылардың сабақтан тыс уақытта қосымша сабақ өткізуге болады.
"Жасыл" және "сары" аймақтарда сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспайтын барлық сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін мектептерде сабақ аралас форматта өтсе,
"қызыл" аймақтарда мектепалды сыныптардың оқушылары үшін жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сыныптар, халықаралық мектептерде 1-7 сыныптар балалар саны 25 адамнан аспайтын аралас форматта оқыту рұқсат берілді.
9-шы, 11-ші сыныптар оқу аптаның 6 күні ішінде аралас форматта жүргізіледі: пәндердің 70 пайызы штаттық режимде, 30 пайызы қашықтықтан өтеді.
Қаулы 2021 жылғы 26 наурыз сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
ҚР Бас санитар дәрігерінің қаулысының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.