Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 наурыздан бастап оқушылар мектепте оқитын болады

1 наурыздан бастап оқушылар мектепте оқитын болады

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы №9 қаулысына сәйкес 1 наурыздан бастап жалпы білім беру ұйымдарындағы 1-5 сынып оқушыларына аралас оқу форматында дәстүрлі оқытуға көшуге рұқсат етілді.
Оқу санитарлық нормаларды сақтау арқылы жүзеге асырылады және санитарлық-дезинфекциялық, бетперде (маска) режимі күшейтіледі.

Ауданымыздағы оқушы саны 300-ге дейін контингенті бар мектептеріміз өзгеріссіз дәстүрлі түрде, ал, негізгі және орта мектепті тәмамдайтын 9, 11 сынып оқушылары аралас оқу форматында пәндердің 70% штаттық режимде, 30% қашықтан оқыту жалғаса береді.

Оқушыларға мектеп формасын кию талап етілмейді. Барынша ата-аналардың жағдайын ескере отырып, балаларға қарапайым классикалық үлгідегі киіммен мектеп қабырғасында білім алуына рұқсат етіліп отыр.

Біз үшін оқушылар мен педагогтарымыздың денсаулығын сақтау маңызды. Сондықтан, еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға сәйкес сыныптарды дәстүрлі оқыту форматына көшіру кезең-кезеңімен іске асырылып келеді.

Қымбатты ата-аналар!

Бүгінгі күнге дейін ұлт болашағының жарқын болуы үшін білімді ұрпақ тәрбиелеу ортақ мақсатымыз екенін түсініп, ұстаздармен бірлесе баламен үздіксіз жұмыс жасағандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Бұл қиындық уақытында мұғалім мен ата-ана байланысы нығайып, болашақта жұмыла отырып, балаларға білім мен тәрбие беру жолында жетістікке жететінімізге сенемін.

Әділхан ЖӨЛЕКЕШОВ,
Аудандық білім бөлімінің басшысы

28 ақпан 2021 ж. 2 909 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031