Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев бүгін мәжілісте маңызды мәлімдеме жасайды

Тоқаев бүгін мәжілісте маңызды мәлімдеме жасайды

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәжілісте өтетін жиынның нақты уақытын жариялады, деп хабарлайды sputnik.kz.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 11 қаңтарда жаңа премьердің кандидатурасын ұсынады.
"Бүгін сағат 11.15-те мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы парламент мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа премьер-министрінің кандидатурасын ұсынады", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.
Сондай-ақ Тоқаев саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасайды.
Президенттің қатысуымен өтетін жиынды "Хабар 24" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Еске салсақ, 5 қаңтар күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберді.
Қазір премьер-министр міндетін уақытша Әлихан Смайылов атқарып жүр.

Қазақстанда не болып жатыр

2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары наразылыққа шықты. Оған автокөлікке құятын газдың құны литріне 120 теңгеге дейін өскені себеп болған. Наразылық білдірушілер бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, бұл талап орындалатынын мәлімдеді.
Артынша басқа қалалардың халқы да наразылық шеруіне шыға бастады.
Ал Алматыда наразылық соңы лаңкестік әрекетке ұласты. Көшеге шыққандар полиция көліктерін қиратып, әкімшілік ғимараттарды өртеп жіберді. Алматы полиция департаментінің ғимаратына шабуыл жасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Алматы қаласы мен 9 облыс орталығы бандиттердің қолында болған. Содырлар тіпті, Ақорданы да басып алуды жоспарлаған. Алайда елордағаа үш әскери-көлік ұшағының келгенін естіп, бұл жоспарынан бас тартқан.
Осы оқиғалардан кейін президент ҰҚШҰ-дан көмек сұрады. Осылайша Қазақстанға 2 мыңнан аса ҰҚШҰ күштері мен 250 техника кіргізілді. Олар стратегиялық маңызды объектілерді күзетеді. Ал антитеррористік операцияны қазақстандық күш құрылымдары қызметкерлері жүргізіп жатыр.
Қазақстанда 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай режимі жарияланды.
11 қаңтар 2022 ж. 381 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930