Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Пандемия құртқан пандус

Пандемия құртқан пандус

Қазалы ауданында мекемелердің мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету сапасын бақылайтын арнайы ұйым бар. Мұны сол саладан хабары бар кәсіпкерлер жүзеге асырады. Ұйымның әлеуметтік желіде жариялаған жазбаларына қарап, мұндағы кез келген қызмет көрсетуші ұйым мүгедек жандарды қабылдауға қауқарлы екеніне сеніп қалуға болады. Бірақ кеше ғана Жанқожа батыр ауылының тұрғыны Ахмедия Төлешов әлеуметтік желіде жариялаған жазбасын оқысаңыз, өмір сүруге қолайлы ортаның формальді тұрғыда ғана іске асып жатқанына куә боласыз.
Желі белсендісін вокзал маңындағы перонға көтерілетін жолдардың біріндегі кедергі қымсындырған. Сөзіне сенсек, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус арба өтпейтіндей етіп, темір қоршаумен дәнекерленген. Осы келеңсіздіктің салдарынан пойыздан түскен арбадағы азамат пен туыстары амал таппай қиналғанға ұқсайды.
– Теміржол вокзалына адам күтіп алуға барғанмын. Сол вагоннан жақында ота жасатқан арбадағы азамат түсті. Пероннан төмен түсетін жол таппай біраз тұрғанын білемін. Біреу мекеме ішіндегі қызметкерді шақырып, көмек сұрады. Алайда вокзал қызметкері не істеуге болатынын нақты айтпады. Біз темір қоршауды бұзатынымызды айтып, сондағы полицейді шақырттық. Амал болмағасын темірді майыстырып, арбадағы азаматқа қол ұшын созғандай болдық. Пандус болғаннан кейін оған мұқтаж адамға қызмет көрсетілуі керек емес пе? Онсыз да аяғына тұра алмай тұрған азамат неге бұлай қиналуы керек?, – дейді А.Төлешов.
Мәселенің мән-жайын білу үшін вокзал бастығына да бардық. Мекеме басшысы таңертеңнен бері мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау ұйымдары мен «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы басшысының бірінші орынбасары Нұрғиса Жалғасбаевтың да алаңдаушылық білдіргенін айтты. Сонан соң аталған жолдың мүгедектерге емес, жүк көтеруге арналған жолақ екенін тілге тиек етті.
– Карантин талаптарына байланысты бізден жоғары басшылық тарапынан ол өткелді ашуға рұқсат етілген жоқ. Арбаға арналған барлық талапқа сай, сары жолақты пандус вокзалдың негізгі кіреберісінде кедергісіз жұмыс істеп тұр. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы бұзылғаны туралы мәселе көтеру негізсіз, – деді Құдайберген Есіркепов.
Мұны естіген желі белсендісі вокзал қызметкерінің негізгі кіреберіске неге жол сілтемегеніне аң-таң. Оның үстіне пойыз келгенде ғимарат кіреберісінде адам лық толы болатындықтан, қосымша пандустардың жүруге жарамды болуын түсіндіруге тырысты. Әрі-беріден соң пандемеяға байланысты қосымша пандустың жолын бөгеу індеттің таралуын іркілтетіне сенетіндер аз.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
04 желтоқсан 2021 ж. 327 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930