Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық кәсіпкер мүгедектерге арналған ТЖО ашты

Қызылордалық кәсіпкер мүгедектерге арналған ТЖО ашты

Орталықта төрт адам жұмыспен қамтылған.

Қызылорда қаласының тұрғыны Нұрсұлтан Тәжиев кәсіпкерлер Палатасынан алған кеңесінің арқасында инвалидтерге арналған техникалық жөндеу орталығын ашқан.

Кәсіпкерлер палатасынан "Бизнес-кеңесші" курсы бойынша оқуды бітірген ол, инновациялық байқауға "Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған техникалық қызмет көрсету орталығы" атты жоспарын ұсынып, 640 мың теңге қайтарымсыз грантқа қол жеткізді.

"Біз мүмкіндігі шектеулі жандардың арбасын жөндеуден өткіземіз. Сұраныс бар. Мұндай жөндеу орталығы біздің облысымызда бірінші рет ашылып отыр, республика көлемінде де көп емес. Мүгедек жандардың арбасы сынса көп жағдайда жаңасын алуға мүмкіндіктері жете бермейді, ал ескісін жөндеп беретін мамандар жоқтың қасы. Біз осы олқылықтың орнын толтырғымыз келеді", - дейді Н.Тәжиев.

Орталықта төрт адам жұмыспен қамтылған. Жақында Астанада өткен халықаралық семинарға қатысқан кәсіпкер, америкалық мамандардан мүгедектер арбасына қолайлылық үшін арнайы рөл қоюды үйреніп келді.

Облыстық кәсіпкерлер Палатасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері мамандар өз ісін бастағысы келген азаматтарға 12 мыңға жуық кеңес беріп, 1881 адамға сервистік қызмет көрсетті. Мұнан өзге, services.atameken.kz жүйесі арқылы облыс бойынша кәсіпкерлерден 948 онлайн-өтінім қабылданды.
27 қараша 2018 ж. 1 278 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 140

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 133

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 121

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 119

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 125

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031