Қызылорда облысында үш өндіріс орны іске қосылады
Тәуелсіздік жылдарынан бері Қызылорда облысының экономикасына 4 трлн теңгеден аса инвестиция тартылған. 1991 жылдан бері 8 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. 30 жыл ішінде 500 мыңнан аса бала дүниеге келіп, халықтың өмір сүру ұзақтығы 8 жылға артқан. Тұрғындардың 97 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды. Осындай көрсеткіштерге қарамастан, өңірде әлі де түйіні тарқатылмаған түйткілдер бар.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аталған облыс басшысы Гүлшара Әбдіқалықова әуелі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталды. Ол өз сөзінде тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Сыр елі қарқынды дамып, индустриалды-аграрлық өлкеге айналғанын айтты.
«Тәуелсіздік жылдары өңір экономикасына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Жалпы, өңірлік өнімдегі өнеркәсіп өндірісінің үлесі 1991 жылғы 11 пайыздан 30 пайызға дейін, ал ауыл шаруашылығының үлесі соңғы 10 жылда 3,9 пайыздан 6,3 пайызға дейін артты. Соның ішінде күріштің өнімділігі мен жалпы алынған өнімі бүгінде 1991 жылғы көрсеткіштерден 1,5 есеге өсті. 30 жыл ішінде 8 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Берілген тұрғын үйлердің көлемі 1991 жылғы 260 мың шаршы метрден бүгінде 600 мың шаршы метрге дейін жетті. Халықтың 97 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. 30 жыл ішінде 500 мыңнан астам бала дүниеге келсе, халықтың саны 592 мыңнан 827 мыңға дейін көбейіп, ал өмір сүру ұзақтығы 8 жылға артқан (64,4 жастан 72,79 жасқа дейін). Жүздеген әлеуметтік нысан бой көтерді, оның ішінде облыстық медициналық, диагностикалық, перинаталдық, мүгедектерді оңалту және тағы басқа орталықтар бар. Спорт инфрақұрылымы нысандарының саны 3 есеге, ал денешынықтыру және спортпен шұғылданатындар саны 6 есеге артты», деді Г.Әбдіқалықова.
Спикердің сөзіне сенсек, жетістіктермен қатар, бірқатар маңызды мәселені шешу міндеті де тұр. Айталық, жұмыс істеп тұрған кен орындарының сарқылуына байланысты мұнай өндіру көлемі қысқарып жатыр (92,1%). 2007 жылы өңірде ең жоғары өндіру көлемі 11,7 млн тоннаны құрады. Биыл болжам бойынша 4,2 млн тонна мұнай өндіріледі. Демек, жұмыс орындары да азаймақ. Тығырықтан шығар жол қайсы? Бұл сұраққа облыс әкімі: «Жаңа кен орындарын іздеу мақсатында биыл Арал теңізі акваториясының «Батыс» және «Шығыс» учаскелерін, сондай-ақ Сырдария шөгінді бассейні аумағының бір бөлігін сейсмикалық барлау бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу аяқталады. 2022 жылы сейсмикалық барлау жұмыстары басталады. Индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығы (2020-2025 жж.) аясында құны 543 млрд теңгеден асатын 46 инвестициялық жобамен жұмыс жүргізіп келеміз, бұл өз кезегінде 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Биыл құны 45 млрд теңгені құрайтын, қолданысқа түскенде 500-ге жуық жұмыс орны ашылатын 3 жобаны іске қосу жоспарлануда. Оның қатарында Қызылорда қаласындағы шыны зауыты бар. Бұған қоса биыл Жаңақорған ауданында «Шалқия» кен орнында тау-кен байыту комбинатының (235 млрд теңге) және Арал ауданында кальцийленген сода зауытының (93,5 млрд теңге) құрылысын бастау дайындықтары жүргізілуде. Ал Шиелі ауданында «Баласауысқандық» ванадий кен орнын игеру жұмыстары жалғасуда, осы жылдың желтоқсан айынан бастап, ферромолибден өнімін өндіруді бастаймыз», деп жауап берді.
Жалпы, өңірде жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрайды. Жыл басынан бері 27 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылды (27 549), оның 14114-і – тұрақты. Соның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 849 мүмкіндігі шектеулі адам жұмыспен қамтылды, оның 306-сы тұрақты жұмыс орындарына орналасты. Биыл мүгедектерді әлеуметтік қолдауға барлығы 1,8 млрд теңге бөлінді (республикалық бюджеттен 875,2 млн теңге, жергілікті бюджеттен 924,6 млн теңге).
Жұмыс тұрақты, жалақы ай сайын түсіп тұрғанымен, азық-түліктің бағасы өсе берсе, халықтың әлеуметтік жағдайы нашарлайтыны анық. Осы ретте өңірдегі баға мәселесі қалай шешіліп отыр?
«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Тұрақтандыру қоры жұмыс істеп жатыр (жыл басынан бері облыстық бюджеттен 3124 тонна өнім сатып алуға 900 млн теңге бөлінді), айналым схемасы бойынша қарыз қаражаты берілуде. Соңғы 2 жылда осы схема бойынша 15 кәсіпкерлік субъектісіне 1083 млн теңге бөлінді (кәсіпкер қарыз есебінен халықты нарықтық бағадан төмен бағамен азық-түлікпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ облыстың кез келген ірі дүкенінде өзінің әлеуметтік бұрышын аша алады. Қарыз қаражаты тауар өндірушілерге ауыл шаруашылығы өнімдерімен, не оны қайта өңдеу өнімдерімен қамтамасыз ету үшін тікелей де беріледі. Субъект алған қарызын «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына кері қайтарады», дейді Г.Әбдіхалықова.
Негізі баға тұрғысынан халыққа жағдай жасауда азық-түлік жәрмеңкесінің де септігі тиеді. Өңір басшысының баяндауынша, Қызылорда облысында жыл бойы тұрақты түрде 36 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді (азық-түлік тауарлары нарық бағасынан 15-20% төмен бағамен сатылды). Азық-түлік тауарларын өндірушілер және сауда субъектілерімен бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында 300-ге жуық меморандумға қол қойылды, сондай-ақ өндірушілер, көтерме жеткізушілер және ірі сауда желілерімен (4 өндірушімен, 4 сауда желісімен, 5 көтерме жеткізушісімен) 13 монополияға қарсы комплаенс жасалды. Нәтижесінде, әлеуметтік маңызы бар тауарларға баға индексі бүгінде орташа республикалық деңгейден аспайды.
«Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша көңіл бөледі. Аталған саланы өңірімізде ілгерілету мақсатында Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі экономикалық даму картасын жүзеге асырып келеміз. Бүгінде жалпы құны 9,5 млрд теңгеге 163 жоба (1,5 мың жұмыс орны құрылған) іске қосылды, оның ішінде биыл 74 жоба (2,3 млрд теңге), 426 жұмыс орны құрылды. Нәтижесінде, қой, сиыр және жылқы етінен жасалған консервілер, күріш, қарақұмық ботқасы, жантақ балы, қауыннан жасалған чипсы және тағы басқалары өндірілуде.
Несие алу көлемі жыл сайын ұлғаюда. Биыл Бизнестің жол картасы-2025 және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары аясында және «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жалпы құны 30 млрд теңгеге 2605 жоба қаржыландырылды (2020 жылы 23,4 млрд теңгеге 1659 жоба). Бизнеске жастардың белсенділігі артуда. Ішкі нарықты өз өнімдерімізбен толықтыру мақсатында 2 пайызбен несиелеу бағдарламасын іске қостық. Ол мақсатқа облыстық бюджеттен 400,0 млн теңге бөлінді (348 млн теңгеге 14 жоба қаржыландырылды). Кәсіпкерлікке көпбалалы аналарды қамтып отырмыз (олардың саны 26 мыңнан астам). Мемлекеттік қолдау шаралары нәтижесінде шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 17 пайызға жетті», дейді Қызылорда облысының әкімі.
Әлеуметтік нысандарға келсек, биылғы 1 қыркүйекке 748 орындық 3 мектеп пайдалануға берілген (Арал ауданы Сексеуіл кентінде 300 орындық, Қызылорда қаласының Саяхат ауданында 348 орындық және Шұғыла ауданында 100 орындық), оның ішінде 2 мектеп 448 орындық жекеменшік мектептер (Қызылорда қаласының Саяхат ауданында 348 орындық және Шұғыла ауданында 100 орындық). Жыл соңына дейін 900 орындық тағы 2 мектепті тапсыру жоспарлануда, оның біреуі апаттық мектептің орнына (Жаңақорған кентіндегі 600 орындық №169) салынып жатыр.
«Инклюзивті білім беруді дамыту үшін 47 мектепке дейінгі ұйымдарда 27 мектепте инклюзив кабинеттері ашылуда. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектептер бейнебақылаумен қамтамасыз етілген. Елбасының тапсырмасына сәйкес биыл Қызылордада колледж студенттері үшін 475 орындық 3 жатақхана пайдалануға берілді. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында өңірде 7 спорт кешені пайдалануға берілсе, 6 спорт кешенінің құрылысы жалғасуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыста 2156 баланы қамтитын мемлекеттік спорттық тапсырысты қаржыландыруды 2021 жылғы 212 млн теңгеден келесі жылы 4312 балалар үшін 638 млн теңгеге ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», деді Г.Әбдіқалықова.