Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Даму деңгейі жоғары

Даму деңгейі жоғары

Осы жылдың 13 ақпанында Н.Бекежанов атындағы театрда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев халық алдында есеп берді. Тұрғындармен кездесуде аймақ басшысы өткен жылды қорытындылап, 2019 жылға арналған жоспарларды баяндады.
Өткен жылы мұнай өңдеу көлемінің айтар­лықтай төмендегеніне қарамастан, соңғы 4 жылда алғаш рет 2017 жылы Қызылорда облысы жалпы өңірлік өнімнің көрсеткіші бойынша 2016 жылғы деңгейден 100,8% көтерілген.
2013-2018 жылдары облыс экономикасына 1,7 трлн теңге тікелей инвестиция тартылды. 2018 жылы инвестиция көлемі артып, олардың өсімі көп жағдайда кәсіпорындардың өз қаржысын салу есебінен орындалған.
Өнеркәсіп саласы бойынша 2013 жылдан бас­тап 70-тен астам жаңа өндіріс орны жұмысын бас­таса, соңғы үш жылда өңдеу өнеркәсібіндегі инвестиция, қосымша құн, шикізаттық емес өнім экспортының көлемі ұлғайған.
Сапалы өзгерістер жолымен даму көрінісінің бірі жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) құрылымындағы ауыл шаруашылығының үлесі еселенген. Бұған облыстан экспортталатын ауыл шаруашылығы өнімдері түрінің соңғы 6 жылда 3-тен 15 түрге жеткендігі дәлел.
2018-2020 жылдары аймақта жаппай кәсіп­керлікті дамытудың үш жылдығы ретінде жарияланды. Нәтижесінде облыс шағын бизнесті жүргізуге қолайлы үздік аймақ аталып, мемлекет басшысынан арнайы “Алтын сапа” сыйлығын алды.
Өз кезегінде, шағын және орта бизнесті дамыту жаңа жұмыс орындарын құруға жағдай жасаған.
Басты мәселеге саналатын баспана жайында да жақсы жаңалықтар бар. Соңғы 6 жылда 3 млн шаршы метр шамасында тұрғын үй пайдалануға берілген. Қызылорда қаласында 2013-2018 жылдары 15 жаңа шағын аудан салынған. 2018 жылы тұрғын үй берудің жылдық көлемі 2,6 есеге өсіп, 700 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілген.
Есеп беру барысында аймақ басшысы қысқа мерзімде халықтың әлеуметтік қорғалмаған санаты: көп балалы отбасылар, мүгедектер, жетім балалар және т. б. тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша арнайы өңірлік бағдарлама әзірлеуді тапсырды.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде экономиканың барлық бағыттары мен инвес­тиция көлемін қамтитын жалпы құны 34 млрд теңгені құрайтын 118 жоба жүзеге асуда. Апатты жағдайдағы денсаулық сақтау орындарының 86 проценті шешімін тапқан. Апатты мектептердің орнына 37-сі жаңадан бой көтерсе, облыстағы балалар 100% мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған.
2019 жылдың 7 ақпанында Мемлекет басшысы­ның төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында қаралған Үкіметтің және орталық мемлекеттік органдардың қолдауымен шешілетін Байқоңыр қаласын дамыту, Солтүстік Арал жобасы, жаңа жылу электр орталығының жайы мен «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды» автокөлік жолының құрылысына қатысты мәселелерде назардан тыс қалмады.
Облыс әкімі есебінде жиынға қатысушы тұрғындар тарапынан, сондай-ақ онлайн режимінде де сұрақтар қойылып, жауап берілді.
А.МЕЙІРХАНОВА
16 ақпан 2019 ж. 909 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 78

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930