Тоқаев грант ақшасын студенттердің өзіне беруді ұсынды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев грант ақшасын студенттердің өзіне беруді ұсынды, деп хабарлайды kyn.kz
Президент мемлекет жастарға білім беру үшін жоғары оқу орындарына өте көп грант бөлетінін атап өтті. Айтуынша, бүгінде бір студентті оқыту құны шамамен 4 миллион теңге. Грант саны жыл сайын артып келеді.
Бұған қоса білім сапасын жақсартып, студенттердің жауапкершілігін арттырады.
Президент үкіметке бұл шешімді жүзеге асыру жолдарын мұқият ойластыруды тапсырды.
«Енді қаржыландыру тәсілін өзгерткен жөн. Қаржы тікелей грант иесіне берілуге тиіс. Яғни студент оқу ақысын өзі төлеуі керек. Бұл қаражат студенттің арнайы есепшотына түседі деген сөз. Оны тек оқу ақысын төлеуге жұмсау керек», — деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында.Оның айтуынша, бұл тәсіл жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу саласында бәсекелестікті арттырады. Сондай-ақ мемлекеттік тапсырыстың ашық болуын қамтамасыз етеді.
Бұған қоса білім сапасын жақсартып, студенттердің жауапкершілігін арттырады.
Президент үкіметке бұл шешімді жүзеге асыру жолдарын мұқият ойластыруды тапсырды.