Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық кеңес отырысында қандай ұсыныстар айтылды?

Ұлттық кеңес отырысында қандай ұсыныстар айтылды?

Президент күні бүгін өзекті болып отырған бірнеше мәселені көтеріп, Үкіметке бірқатар тапсырмалар берді.
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және кеңестің өңірлердегі мүшелерінің қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысы өтті. Президент күні бүгін өзекті болып отырған бірнеше мәселені көтеріп, Үкіметке бірқатар тапсырмалар берді, деп жазады Skifnews порталы. 
Президент қозғаған маңызды мәселенің бірі – грантта оқитын студенттердің оқу ақысын төлеу жүйесіне өзгеріс енгізу. Қасым-Жомарт Кемелұлы грант қаржысы тікелей студенттің өзіне берілуі тиіс деді. Президенттің сөзінше, бұл тәсіл жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім алу саласында бәсекелестікті арттырады. Сондай-ақ бұл мемлекеттік тапсырыстың ашықтығын қамтамасыз етеді.
- Мемлекет жастарға білім беру үшін жоғарғы оқу орындарына өте көп грант бөледі. Бүгінгі күні бір студентті оқыту құны шамамен млн теңгені құрайды. Грант саны жыл сайын артып келеді. Енді қаржыландыру тәсілін өзгерткен жөн. Қаржы тікелей грант иесіне берілуі тиіс. Яғни студент оқу ақысын өзі төлеуі керек. Бұл қаражат студенттің арнайы есепшотына түседі деген сөз. Оны тек оқу ақысын төлеуге жұмсау қажет. Бұл білім сапасын жақсартып, студенттердің жауапкершілігін арттырады. Үкімет бұл шешімді жүзеге асыру жолдарын мұқият ойластыруы қажет, - дейді Мемлекет басшысы.
Президент көтерген екінші мәселе – жалғызбасты ата-аналардың қашықтан жұмыс істеу құқығын енгізу. Оларға ерекше еңбек жағдайын қарастыру керек.
- Мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ана мен бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып есептеледі. Көп жағдайда әйелдер ерлерге қарағанда жұмыс пен бала тәрбиелеуді бірге алып жүреді. Егер ана декретке шықса, өздерінің қабілеті мен тәжірибесін жоғалтып алады. Әйелдер осыдан еңбек нарығында бәсекеге қабілеттігін жоғалтады. Ал жалғызбасты ата-аналарға бұл істі ұйымдастыруда ерекше қиындық туындайды. Заңнамалық деңгейде жалғызбасты ата-аналардың қашықтан жұмыс істеуі мен қысқартылған жұмыс істеу құқығын енгізу керек. Көп шетелдік елде жұмыс мекемелерінде балаларға арналған бөлмелер бар. Осы тәжірибені бізде де енгізу керек. Осы орайда еңбектің өнімділігіне әсер етпеуді де қамтамасыз ету керек, - деді Тоқаев.
Президент көтерген үшінші мәселе – әр сыныптағы оқушы санын 25-тен асырмау. Оның сөзінше, мектептің жалпы көлемі мен дизайны орын санына байланысты анықталуы керек.
- Әр сыныптағы бала саны шектен тыс көп. Негізі бір сыныптағы бала саны 25-тен аспауы керек. Осы стандарттың сақталуын қатаң қамтамасыз етуге тиіспіз. Сонымен қатар мектептердің үлгілік жобасын әзірлеуді тапсырамын. Мектеп 2,5 мың балаға арналса, соған орай инфрақұрылым да болуы керек. Онда спортзалдары, асхана, зертхана және оқу кабинеттері болуы қажет. Жаңа мектеп салуға бөлінген қаржының тиімсіз жұмсалуына, талан-таражға түсуіне жол бермеу керек, - деп айтты Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Президент елімізде  Ұлы көшке арналған атаулы күн енгізу туралы бастама көтерді. 
- Қандастырымыздың өз Отанына оралу туралы Елбасы бірқатар маңызды тарихи маңызды шешім қабылдаған еді. Ұлы көш 1991 жылы басталды. Оған Елбасының тапсырамасымен қабылданған Қазақ КСР министрлер кабинеті қабылдаған 711 қаулы ресми түрде жол ашты. Бұл құжат 1991 жылдың 18 қарашасында қабылданды. Көп ұзамай Елбасы алыста жүрген ағайынға «Ақ тілек» атты жолдауын жариялап, шеттегі қандастарды елге шақырды. Соның нәтижесінде 1500 млн-нан астам қандас Отанға оралды. Оның ішінде Ауыт Мұқибек пен басқа қоғам қайраткерлері Ұлы көштің тарихи рөлін ескеріп, арнайы күн керегін айтып жүр. Үкіметке бұл тарихи датаны атаулы күндер тізіміне қосуды қарастырып, тиісті ұсыныс енгізуді тапсырамын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент көтерген төртінші мәселе - Плюрализмге ашық, радикализмнен қашық болу. 
- Демократия деген желеумен, қоғамға іріткі салатын әрекетке жол берілмейді. Мұны естен шығармаған жөн. Плюрализмге ашық, радикализмнен қашық болуымыз керек. Біздің саясатымыздың басты ұстанымы - осы. Мен ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру туралы үнемі айтып жүрмін. Бұл – өте маңызды міндет. Себебі халқы мықты ел ғана, қуатты мемлекет құра алады. Ал ұлтымыздың кемелденуі үшін әрбір азамат өресі биік, парасатты болуға ұмтылуы керек. Яғни, сана өзгермесе бәрі бекер. Шын мәнінде, жаңғыру тәрбиеден бастау алады. Сондықтан біз ұрпақ тәрбиесіне аса мән бөлуіміз керек. Жастардың бойына ең ізгі қасиеттерді сіңіре білген абзал. Бұл адамгешілік пен имандылық, білімге құштарлық пен тиянақтылық, - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы қозғаған бесінші мәселе - қағазбастылықтан арылу. Тоқаев азаматтардың бұл мәселеге наразылық білдіруі орынды екенін айтты.
- Құжат айналымы мен іс жүргізуді цифрландыра берген жөн. Қазір елімізде еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі біртіндеп енгізіліп жатыр. Бұл жүйе еңбек кітапшаларынан бас тартуға және қағазбастылықтан құтылуға мүмкіндік береді. Дегенмен жұмыс берушілердің көбі әлі күнге дейін қызметкерлерінен еңбек кітапшасын, жеке парағы мен жазбаша өмірбаянын тапсыруды талап етеді. Мұндай ескі тәсілдерден арылу қажет, - деп айтты Мемлекет басшысы.
Тоқаев 2021 жылғы маусымда құқық қорғау саласын жаңғыртуға бағытталған Қазақстанның Адам құқықтары саласындағы одан арғы шаралары туралы жарлыққа қол қойылғанын еске салды. Ел өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші қосымша хаттамаға қосылды.
Құқық қорғаушылар бұл мәселені дұрыс қойып отыр деп есептеймін. Өлім жазасының күшін жоюымыз керек. Оның үстіне, егер олай айтуға болса, бұның абстрактілік сипатқа ие. Сондықтан, Парламент менің ұстанымыма, сондай-ақ, ұлттық сенім кеңесі мүшелерінің ұстанымына құлақ асады деп ойлаймын", - деді Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.
Мемлекет басшысы көтерген бұл мәселелер мен тапсырмалар көптің көңілінен де шықты. Жиын барысында Ұлттық кеңес мүшелері де өз ұсыныстарын жеткізді. Маңызды ұсынысымен келгендердің бірі Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Уайыс Ерсайынұлы. Депутат баспана мәселесін көтерді.
-    Әлеуметтік тұрмысы төмен халықты алаңдататын мәселе- баспана. Қазақстанда баспана кезегінде 500 мыңнан аса адам кезекте тұр. Бұрын үй кезегіне халық жергілікті әкімдіктер арқылы тұратын. 2019 жылдан бастап халық Халыққа қызмет көрсету орындары арқылы кезекке тұра бастады. Енді үй кезегінде он жылдап тұрған азаматтар өздерін республикалық базадан таба алмауда. Олардың ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар да бар. Осының кесірінен биыл, көптеген отбасылар "Бақытты отбасы" бағдарламасымен ипотека ала алмады. Үй кезегінде тұрған азаматтарға Отбасы банкі 2 пайызбен "Бақытты отбасы" және 5 пайызбен "Шаңырақ" атты ипотека береді. Бұл тиімді бағдарлама. Басты шарты -  үй кезегінде тұру міндетті. Алайда Отбасы банкі тек республикалық базада кезекте тұрғандарды ғана көреді, соларға ғана ипотека береді. Осылайша, жергілікті әкімдік арқылы кезекке тұрғандар арзан ипотекамен үй алу мүмкіндігінен қағылды. Ол азаматтардың қолында 10-15 жыл кезекте тұр деген анықтамалар бар, мөр басылған, басшының қолы қойылған. Индустрия министрлігі барлық азаматты кезекке енгізіп үлгерместен, "Бақытты отбасы" бағдарламасын жариялап жіберген. Индустрия министрлігі үй кезегінде тұрғандарды реттеп, жүйелеуі тиіс. Себебі 2019 жылы үй алғандардың өзін базадан биыл ғана шығарды. Яғни екі жыл бойы интеграция жасалмаған.  Үй кезегіне халық "арендалық" үй алу үшін ғана емес, арзан пайыздық ипотека алу үшін де тұрады. Халыққа өздері жұмыс істеп, ипотека төлеуге, үй алуына мүмкіндік беру керек, – дейді ол. 
17 қараша 2021 ж. 10 261 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 60

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 61

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 50

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031