Қазақстан Ауған халқына азық-түлік көмегін көрсетуге дайын - Елбасы
Бұл туралы «Астана клуб» отырысына онлайн қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Ең маңыздысы халықаралық күш-жігерді Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға жұмылдыру керек. Қазақстанның, шын мәнінде, осы процесс барысында орталық болуына барлық әлеуеті бар. Біз осыған дейін де осындай мақсатта жұмыс істеген едік. Мыңдаған ауғандық жас қазақстандық ЖОО-да білім алып, мамандыққа ие болып елдеріне оралатын. Гуманитарлық көмек те көрсеттік,- деді Елбасы.
Назарбаев осы жылғы тамызда Алматыға Ауғанстанға жәремдесу бойынша БҰҰ-ның делегациясы орналасқанын айтты.
Гуманинатарлық көмекті Ауғанстанға жеткізу бойынша логистикалық хаб құрылған болатын. Қазан айының ортасында біздің делегация Ауғанстанға барып қайтты. 5 мың тонна қазақстандық ұнды ауған халыққа жеткізді. Халықаралық донорларды Қазақстанның мүмкіндіктерін гуманитарлық көмекті көрсету, жәрдемдесу бойынша дамыту маңызды деп ойлаймын. Осы орайда менің идеямның өзектілігі жоғарылап отыр. Алматыда БҰҰ-ның Ауғанстанды оңалту бойынша орталық құру бастамасы бар. Қазақстан Ауған халқына азық-түлік көмегін көрсетуге дайын, - деді ол.