Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауғанстан ашаршылыққа ұрынуы мүмкін - БҰҰ

Ауғанстан ашаршылыққа ұрынуы мүмкін - БҰҰ

"Талибан" қозғалысы билікке келгеннен кейінгі саяси дағдарыс салдарынан Ауғанстан халқының жартысына жуығына аштық қаупі төніп тұр. Бұл туралы Reuters агенттігіне айтқан БҰҰ азық-түлік бағдарламасының директоры Дэвид Бизли "14 млн адам" деп нақты цифрды атады.

Бизлидің сөзіне қарағанда, бірнеше жыл қатарынан болған қуаңшылық, конфликт пен коронивирус індеті және экономикадағы дағдарыстан кейін Ауғанстанды "ауыр апат" күтіп тұр. Гуманитарлық апаттың алдын алу үшін Біріккен ұлттар ұйымына қыркүйекке қарай кемі 200 миллион доллар керек. Оған дейін халықтың азық-түлігі таусылып, гуманитарлық көмекке мұқтаж ауғандар екі есе көбейеді.
Азаттықтың жазуына қарағанда, БҰҰ Ауғанстанға қажетті көмекті АҚШ, Катар және Парсы шығанағы елдері бөле ме деп үміттенеді. Тәліптер БҰҰ көмегі мұқтаж адамдардың қолына жететініне кепілдік беріп отыр дейді Бизли.
Сарапшылардың бағалауынша, Ауғанстанда 36 миллион адам өмір сүреді.
2020 жылдың қарашасында шетел төрт жыл ішінде Ауғанстанға 12 миллиард доллар гуманитарлық көмек беруді ұйғарған еді. Бірақ көп мемлекет бұл көмектің Ауғанстан билігі адам құқығын қалай қорғағанына қарай беретінін алға тартқан.
БҰҰ тәліптер билікке келген соң адам құқығын бұзып жатқанын сенімді дереккөздерден біліп отырғанын хабарлаған. Бұл хабарға қарағанда, Ауғанстанның бұрынғы билігінің қауіпсіздік күштерінде қызмет еткендер мен қарапайым ауған азаматтарының өлтірілгені жайлы мәліметтер бар. "Талибан" мұндай қатыгездік туралы кез-келген хабарды зерттеп, кінәліні жауапқа тартатынын мәлімдеген.
Шариғат заңын ұстанатын "Талибан" қозғалысы 15 тамызда Кабулды алған соң Ауғанстанға толық бақылау орнатқанын жариялаған. Сонан бері әйелдер мен қыздарға көбірек құқық беретініне, зорлық-зомбылық көрсетпейтініне, сөз еркіндігіне де айрықша тыйым салмайтынына халықаралық қауымдыстықты сендіруге тырысып келеді.
25 тамыз 2021 ж. 368 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 81

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 82

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 67

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930