Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңімпаздарға құрмет

Жеңімпаздарға құрмет

Жуырда аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жыр жаттаудан жүйрік шыққан шәкірттер мен олардың ұстаздарын қабылдап, құрмет көрсетті.
Қабылдауда Мұхтар Әуесұлы «Nur Otan» партиясы, Білім және ғылым министрлігі және «QAZAQ EPOS» қоғамдық қорының қолдауымен өткізілген облыстық «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының жеңімпаздары мен ұстаздарын жеңісімен құттықтап, қасиетті Қазалы ауданының мерейін өсіргені үшін алғысын жеткізді.
Басқосуда Әйтеке би кентіндегі №170 мектептің 10 сынып оқушысы Гауһар Әзен мен 6 сынып оқушысы Гүлназ Жеңісбек және мұғалімдері Жадыра Көшекпаева мен Балагүл Орынбаеваға аудан әкімінің Алғыс хаты ­табысталды.
Кездесуде «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрғиса Жалғасбаев та құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.
Мұнан соң облыстық «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының жеңімпаздары Гауһар Әзен мен Гүлназ Жеңісбек «Едіге батыр» жырынан үзіндіні жатқа оқыды.

С.АҚМЫРЗА
16 қараша 2021 ж. 526 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031